Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша 2018 жылдың 9 айының қорытындысы
2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, салық төлеушілерді тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығымен дәлірек айтқанда 76 438 салық төлеушіге мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өткен жылдың осы кезеңінде мемлекеттік қызмет алғандар саны 101 718. Қызмет алушылар санының 25 280-ге азаюы, бүгінгі таңда электронды түрде қызмет алу тәсілдерін меңгергендер үлесінің жоғары болуында. Салық есептілігі кезеңінде 1 050 901 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде электронды түрде 988 766, қағаз тасығышта 62 135. Бұл көрсеткіш, қызметті электронды тәсілде алу салық төлеушілердің өмірін жеңілдетуге септігін тигізгенін көрсетеді.
Аталған бағытта қызмет алудың артықшылықтары:
- Уақытты үнемдеу;
- Әр адам кез-келген уақытта бәлкім үйден шықпай-ақ, қажетті қызметті интернет арқылы алу мүмкіндігі;
- Ақшалай шығынның болмауы (жол жүру ақысы).
Сонымен қатар, электронды тәсілдер енгізілгеннен бері салық төлеушілерге жылдам, әрі сапалы электронды кезекпен қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету процестері жетілдірілген. Күту залында салық төлеушіге ыңғайлы креслолар, балаларға арналған ойын алаңы, су қазандығы, өзі-өзіне қызмет көрсету секторы, кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге толық кеңес беретін ҚР ҰҚП «Атамекен» айдары бар.
З.Н. Нуржанова
Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілерді тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу
орталығының бөлім басшысы
[xfvalue_img]