Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталды
Бүгін Орталық Коммуникациялар Қызметі алаңында «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.
Баспасөз- конференциясы Полковник, ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Ардақ КУКАТОВ, Медицна қызметінің полковнигі, ҚР ҚМ Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының бастығы Қанат СҰЛТАНҒАЗИН, Подполковник, ҚР ҚК БШ Тәрбие және идиологиялық жұмыстар департаменті психологиялық-социологиялық және әскери-әлеуметтік бөлімінің бастығы Шынар МҰХАМЕДЖАНОВА қатысты.
2019 жылдың көктемінде ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына кейінге қалдырылуға және шақырылудан босатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды шақыру жоспарлануда.
Көктемгі шақыру науқаны қарсаңында Қорғаныс министрінің қатысуымен қорғаныс істері жөніндегі департаменттер және басқармалардың бастықтарымен семинар өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ ЖӘБО-ның қызметін одан әрі жетілдіру бойынша оңтайлы шешімдер дайындалды. Тың өзгерістерді ескере отырып, шақыру барысында заңнамалық деңгейде мерзімді әскери қызметті өткеруден жалтаруға тырысатын адамдар ерекше бақылауға алынады. Сондай-ақ олардың тарапынан шағымды болдырмай шақырылушылар және олардың ата-аналарымен сапалы ұйымдастырылған жұмысты өткізуге назар аударылды.
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру кезінде сыбайлас жемқорлық заңнамасы мен мінез-құлық әдебін міндетті түрде сақтау жөнінде шаралар қарастырылған. Ағымдағы жылғы 1 наурызынан бастап «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, сондай-ақ «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілердің запасқа босатылуы және 2019 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек – желтоқсанда ҚР-ның азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы №840 Жарлығына сәйкес шақыру және медициналық комиссиялар ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жас толыммен сапалы жасақтау жөніндегі жұмысқа кіріскенін естеріңізге сала кетейік.
Өткізілген талдау нәтижелері бойынша Қорғаныс министрі әскери бөлімге аттанар кезінде шақырылушылардың сәтті бейімделуі мақсатында олардың киім-кешекпен, тамақ және өзге де тиесілі жабдықталым түрлерімен қамтамасыз етуді жалғастыру туралы шешім қабылданды. Әскери киімді кию арқылы, жасөспірімдер нағыз Отан қорғаушылардың алдында тұрған жауапкершілікті түсіне бастайды. Әскери бөлімдер бойынша шақырылушыларды іріктеу және бөлу кезінде алдын ала зерделеу нәтижелері және олардың шақырылуға дейінгі мамандықтары ескеріледі.
Шақыру науқаны барысында туындаған сұрақтарға жауап алу үшін 8 (7172) 72-14-20 және 72-16-06 телефондары арқылы «қауырт желі» ұйымдастырылды.
О.Тихонов
[xfvalue_img]
4 пікір