Ақтөбе облысының мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруы
Ақтөбе облысының 2018 жылдың 10 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары баяндалды. Бердібек Сапарбаев Президенттің халық әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік бағдарламарды жүзеге асыру, экономиканы дамыту бойынша тапсырмаларын орындау, қабылданған шаралар туралы баяндады. Облыс экономикасының 2018 жылдың 10 ай ішіндегі өсімі 5 пайызды құрады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру нәтижесінде жолдау, кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру аясында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсуі қамтамасыз етілді. Облыста экономиканың барлық секторларындағы еңбекақы төлеуге қатысты ағымдағы жағдайын сараптайтын арнайы топ құрылды. Казір енді тапсырмаға сәйкес ең төменгі жалақы алатын тұрғындарға талдау жасадық, бұл жоба бойынша ең төменгі жалақы 77 мың адамның, келесі жылдың қаңтарынан бастап жалақы өсуі керек. Жалпы бұл кәсіпорындармен келісім, меморандум бар. Ең кем дегенде 5-10 пайызға өсіп тұрады. 55 кәсіпорынды 85 млрд.тұратын технологияларды инновацияларды енгізу керектігін айтып кетті. Атап айтқанда, өнеркәсіп өсімі 5,7 пайызды құрап, 1,5 трлн.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өңір экономикаға инвестиция тарту жағынан көшбасындағылардың бірі болып табылады, яғни 376 млрд. теңге, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызға көбірек. Өңдеу арқылы шығарылатын өнімдердің көлемін көбейту. «Ауыл алтын бесік» деген тапсырма берілген, тапсырманы орындау мақсатында үлкен барлық елді мекендерге, 324 жоба ауыл қолға алынды. Біздің жоспарымыз бойынша ең кем дегенде сол ауылдарды өркендетуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге, спорт мәселелерін, парктер салуға. Ең кем дегенде 2,6 млрд. теңге қаражат жұмсалады. Кәсіпкерлерді қолдау мәселенің біреуі. Өндірілген өнім былтырғы жылмен салыстырғанда 31 пайзға көтеріліп, ондағы жұмыс жасайтын кісілердің былтырғы жылмен салыстырғанды 10 пайызға көбейді. Салынып жатқан ғимараттардың ішінде қонақ үй, Шаруалар 193 млрд.теңгенін өнімін өндірді. осы саладағы еңбек өнімділігі 1,2 млн. теңгені құрап, 48 пайызға өсті. Газға, ыстық суға тағы да басқа тарифтерді 12 пайызға төмендетілетін болды. Электр жарығы 1-ші қарашадан бастап төмендеді. Үкіметтің көмегімен алып сатарлардан азайтып, көмірдің бағасын ең төмен дегенде 2000-3000 теңгеге төмендетеміз. Шамамен 600 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Эконмика өсімі мен әлеуметтік тұрақтылық жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік берілді. 18,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Өңірде құны 55,8 млрд.теңге болатын 15 жоғары технологиялық ивестициялық жобалар жүзге асырылып, 1300 орын жумыс орны құрылды. Ірі жобалардың ішінде – Байғанин ауданының, Қожасай кен орнындағы құны 33 млрд,болатын «Cas Processing Company» ЖШС газ өңдеу кешенінің құрылысы бар. Ол ілесе газды өңдеуді арттырып, тауарлы газды, газ күкіртін, пропан -бутан қоспасын өңдіруді игеруге және ілеспе газды алау арқылы жағу проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ алтын өңдеу комбинаты, керамикалық плиткалар мен құрылыс материалдарын шығарылатын зауыттар, «А» класты логистика орталығы мен басқа да жобалардың құрылысы жүріп жатыр. Көлік инфоқұрылым дамыту аясында 400 шақырым автокөлік жолы жөнделді.
Ақтөбе облысы географкалық жағынан Европа мен Азияның арасында тұр, біз үшін ең үлкен мәселе жол. Батыс Европа жолы Ақтөбе арқылы өтеді, біз қазір енді үкіметтің көмегімен Ақтөбе, Атырау, Астрахан жолында құрылыс басталды. Келесі жылға 30 шақырым жол қалды. Өзіміздің аудан арасындағы жолдарды бітіру үшін бюджеттен 37 млрд,теңге қаржы бөлінді. Келеі жөндеуге жаңа техгологияларды пайдаланып жатырмыз. Бірінші сапасын жоғарлату, екінші тезірек жолдарды жөндеу. Мемлекеттік жекеменшік әріптестікті кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Ақтөбе Мұнай Газ компаниясының қаржысы есебінен құны 2 млрд. тұратын IT орталығын салып жатырмыз. Ең бірінші біздің жастарымыз үшін, ол енді келесі жылы іске қосылады. Жасыл ел бағдарламасы 12 ай жұмыс жасайды Ақтөбе өңірінде.
Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру шаралары қабылданып жатыр. Соның аясында 24 мың Ақтөбелік баспана мәселесін «7-20-25» бағдарламасы бойынша тиімді шарттармен шеше алады. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтар үшін аталмы бағдарлама бойынша алғашқы жарна 20 пайыздан 10 пайызға төмендетілді. 90 мың Ақтөбеліктің салық жүктемесі төмендетіліп, еңбекақылары 9 пайызға өсті. Кем дегенде сегіз заманауи жатақхана салу жоспарланып отыр, қосымша 2 мың грант бөлінді. Шағын несиелеуге қосыша 2 млрд. теңге бөлінді. Өңірдің басым бағыты әлеуметтік сала болып қала береді. Бақытты бала жобасын жүзеге асыруға 4 млрд. теңге бөлінді. Өңірде елдегі тұңғыш “Күншуақ” жыл бойғы сауықтыру исклюзивті лагері құрылды, бюджеттен тыс қаражат есімінен аутизмі бар балаларға арналған орталық, коррекциялық балабақша, церебралды сал аурумен ауыратын балалар үшін оңалту орталығы, «Әсем» оқу танымалық орталығы ашылды. Бұл орталықта сабақ 3 тілде жүреді. «Әсем» орталығының мұғалімдерінің жалақысы басқа мектептерге қарағанда 15-20 пайызға жоғары болады. 36 мектепке дейінгі мекеме, 177 спорттық-ойын алаңдары мен хоккей корттары, жазғы Аквопарк, мұз сарайы, тенис орталығын пайдалануға беріліп жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жалғасуда. 120 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылды. Ақтөбе облысында жетімдер үйі жабылуда. Қазіргі таңда 26 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр , оның ішінде 15- сі биыл бітті. Нашар мектептер толық жөндеуден өткізіледі. 11 мыңнан аса дарынды бала Ресей, Татарстан, Қытай, АҚШ және Малайзия елдерлің үздік жазғы сауықтыру және білім беру лагерьлерінде болып қайтты. Ақтобе облысының әкімі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруы туралы баяндап кетті. Толықтай жұмыс жоспарлары атқарылып жатқанын айтты.
Мадина Жатканбаева
[xfvalue_img]