Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Баспасөз-маслихатында Жамбыл облысының әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы қатысты. Елбасы Жолдауындағы  алты басым бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Халық табысының өсуіне қатысты, келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын Жамбыл облысындағы 23424 қызметкер үшін төменгі жалақы өскелі тұр, Сол сияқты жеке кәсіпорындарда төменгі жалақы адамдардың жалақысын көтеруіне арнайы топтарды құруда. Бизнес өкілдері де бұл шешімді қолдау үшін әрбір кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде айтуымыз керек 42000 теңгеден жоғары көтерілетін болады. Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар бұл шешімді қолдап, 9 мың қызметкердің еңбек ақысын көтергелі отыр.Олардың қатарында «Жамбылгипс» АҚ, «TMЗ» ЖШС, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Жамбыл Цемент Өндiрiсiтік компания» ЖШС, Завод «Металконструкций и резервуаров» ЖШС, «Алтыналмас»АҚ кәсіпорындары бар. Облыстағы 95 ірі және орта бизнес субъектілерімен жыл соңына дейін келіссөздер жүргізіліп бітеді.
Биыл шағын несие беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1.0 млрд.теңге бөлініп,теңге бөлініп, жалпы сомма 6.3 млрд.теңгеге жетті. Келеси жылы бұл қаржының көлемін 7.5 - 8.0 млрд.
      Жамбыл облысында құны 1 млрд. доллар болатын 13 инвестициалық жоба іске асуда. Облыс басшысы «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша жылдың басында қабылданған облыстық кәсіпкерлікті қолдау Картасына өзгерістер енгізілуде екенін хабарлады. Іске асырылатын жобалардың ішінде экспортқа бағытталған Казфосфаттың аммофос өндірісінің көлемін көбейту жобасын атап өтуге болады. (2018 жыл 9 айында 24,4 млрд.теңгеге 125,1 мың тонна өнім өндірілген, 8 айда экспорт көлемі - 1,2 мың тонна - 117,7 млн.теңге)
Шикізаттық емес секторда жобаларды іске асыру үшін «Инвесторларға қызмет көрсету орталығының» жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ағылшын, қытай, түрік, корей тілдерін білетін жастар жұмысқа алынды.- Бүгінде бұл салаға салынған инвестициялар 100 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға артқан (75,1 млрд.тг.). Ал, инвестициялардың ай сайын өсуінің оң үрдісі жеке меншік капиталының 30%-ға (68,8 млрд. теңгеден 92,2 млрд. теңгеге өсуі) өсуімен байланысты. Қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда, - деді Асқар Исабекұлы. Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестиция 3,4 пайызға өсті
Ал агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан 2.3 тонна ет экспортқа шығарылды (оның ішінде 1,3 мың тн қозы еті, 0,6 мың тн – сиыр еті). Бұл өткен жылдың көлемінен 3 есеге артық. Бүгінде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде екенін жеткізді. Бірақ сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың санын арттыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылады. Бұдан бөлек, құны 21,6 млрд.теңгені құрайтын 9 инвестициялық бастама бекітілді.
- Ауыл шаруашылығымен тиімді айналысу үшін үлгілі шаруа қожалықтарының базасы жасақталды. Онда келесі жылдан бастап арнайы оқыту, таныстыру жүргізілетін болады. Осы орайда заманауи тұрғыдағы облыстық агроколледж құруды да қолға алдық. Бұл бастамаға биыл 200 млн.теңге бөлінді,- деді А.Мырзахметов.
Балабақша мен мектепте тәрбие, білім сапасын көтеру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. «Назарбаев Зияткерлік » мектептерінің оқыту әдісі мен жүйесі 40 орта мектепке біріңғай стандарт ретінде енгізілді. Өткен жылы облыста 45 мектеп жаратылыс пәндерін ағылшын тілінде оқытса, биылғы оқу жылында 277 мектепте 4 пәнді ағылшын тілінде оқыта бастады.Биыл педагогтарды ұлттық біліктілік сынағынан өткізу нәтижесінде, 1қыркүйектен бастап, облыстың екі мыңнан астам мұғалімнің жалақысына 30% -  дан,50%-ға дейін қосымша үстемақы төленуде. Бұдан бөлек жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам (65%) мұғалімнің жалақысы  30%- ға көбейді. Жолдауға сәйкес медециналық қызмет сапасын және ауылдық жерлерде алғашқы медециналық көмектің қолжетімділігінің арттыру үшін облыста 95 алғашқы медециналық көмек нысанын салу қажет. Жыл соңына дейін  мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде 31 нысанды, бюджет есебінен 9 нысан пайдалануға беру жоспарлануда . 2019 жылы 68 нысан салынбақ.
Тараз қаласында қажетті инфрақұрылым тартылған жаңа екі мөлтек ауданының құрылысы жүргізілуде. Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы - 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылатын болады. Жалпы, Тараз қаласында 686 пәтер бағдарлама аясында азаматтарға ұсыну үшін дайын.
Облыс басшысының айтуынша, «7-20-25» кредиттеу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банкінің филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.
Облыста бір пәтерге ең жоғарғы заем сомасы орта есеппен 12,0 млн. теңге болса, бір айға төлемақысы 85 мың теңге, ал ең төменгі 5 млн.теңге несиеге айлық төлемақы 35 мың теңгені құрайды (10 млн.-71 мың теңге, 7 млн.-51 мың теңге). «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалында бүгінде 44 648 салымшыдан 10 млрд. теңге жиналды. Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артты,- деді Асқар Исабекұлы.
Жалпы, өңірде 10 айда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалы арқылы 5,7 млрд. теңгені құрайтын 768 несие берілді. «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 284,5 млн. теңгеге 34 өтініш қолдау тапқан.
Келесі жылға облыста 465 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. (өсім 8% құрайды - болжамды көрсеткіш). Жоспарда бюджет есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдің (20 кредиттік үй - 1 380 пәтер, 78 050 м2, 8 арендалық үй - 585 пәтер, 36 319м2) және 6 жаңа алқаптың инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар. Соның ішінде, 20 үйді (1380 пәтер) «7-20-25» бағдарлама аясында тұрғындарға беру көзделіп отыр. Биылғы жылға 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй құрылысын бастауға бағалы қағаздар есебінен қосымша 725 млн.теңге бөлінді.
Жалпы облыс экономикасын алсақ, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9 айдың қорытындысымен 105,4 пайызды құрады.
«Өнеркәсіп саласындағы өсім – 5,1 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,2 пайыз, құрылыста – 6,6 пайыз, жүк тасымалында – 7,8 пайыз, байланыста – 7,2 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 3,4 пайызға өсті» - деді Асқар Исабекұлы.
Сондай-ақ, инфляция деңгейі 3,0 пайызды құрады (ҚР-3,3 пайыз), бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 1,2 пайызға төмен болып отыр.
Ал, облыста бюджет кірісі 102,6 пайызға яғни 188 млрд. теңгеге орындалған десек, оның ішінде өзіндік кірістер 13 пайызға артқан (42,3 млрд.теңгеге).
БАҚ өкілінің сұрағы: Тараз қаласында жолақы бағасы 90 теңгеге қымбаттайды деген сөз жұртшылықтың арасында тарап кеткен болатын, Осы ақпарат қаншалықты шындыққа ұласады?

Мырзахметов А.И. айтуы бойынша қоғамдық көлікке қатысты Тараз қаласында жолақы бағасы 90 теңгеге көтерілуі туралы ешқандай шешім шығарылғаны жоқ.
БАҚ өкілінің сұрағы: Шу ауданы Толеби ауылында  мердігер газ құбырын жүргізу үшін жұмысына 500000 теңге  алады  деген  ақпарат тараған. Осы мәселе бойынша не айтасыз?
Мырзахметов А.И.- Қазіргі уақытта газ қүбырын әр үйге орналастыру үшін жаңа комуналдық кәсіпорын ашылуда. Бүл кәсіпорыннын газ құбырын кіргізу өткізу үшін 83000 теңгені құрайтын болады. Онда басқа кәсіпорындар мен мердігердің бағалары төмендейтін болады,
БАҚ өкілінің сұрағы:Тараз қаласының зауыттар аймағында фторлы сутегі және улы газдар , азот қышқылы аммиак тараған. Бұл улы газдар қазіргі кезде аурулардың көрсеткіштерін жоғарылатып отыр. Демографиалық жағдайға келетін болсақ қалада туу жағдайы төмендеп, адамдардың өлімі көбейген. Осы айтылған мәселелер бойынша қандай да бір шаралар қолданылуда ма?

Мырзахметов А.И.-Тараз қаласында ірі кәсіпорын Казфосфаттың өндірістік қалдығы бар. Осы мәселерді шешу үшін Казфосфаттпен келісімге отырып жатырмызз.

М.Жатканбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

11 пікір

  1. аватар
    Edmundo 30 августа 2024 07:42

    карта таро шут описание к чему снится что видишь беременную
    женщину снится крейсер аврора песня
    рейко значение имени колесо гадания да нет правдивое

    Review my homepage: 19 21 мая знак зодиака

  2. аватар
    Tesha 8 сентября 2024 12:35

    мын алгыс, мың алғыс саған ұстазым текст скачать all давай - без тебя
    скачать, all давай - без тебя текст жк talhiz tany,
    жк arlan отзывы все о намазе для женщин, самый правильный намаз для женщин

    My web page; аттестация по биологии

  3. аватар
    Camille 24 сентября 2024 01:31

    қазақстандағы күн және жел энергиясы, жел электр
    станциясы кай жерде орналаскан пародиум купить, пародиум противопоказания елорданы
    алматыдан ақмолаға көшіру, елорданы алматыдан астанаға көшіру рота солдат прошла на север, память народа

    my page - үйдің суреті балаларға раскраска

  4. аватар
    Young 25 сентября 2024 00:20

    бөлексін жаным бөлексін скачать, бөлексің скачать бесплатно адам жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері, нерв процестерінің негізгі қасиеттері арман тілектер жазу, армандар картасы 100
    арман жазу үлгісі құстар неге сөйлей алмайды,
    ересек тобына арналған ертегілер

    Also visit my webpage :: творческий экзамен ент профессии

  5. аватар
    Doreen 7 октября 2024 07:22

    максимальная сумма перевода каспи голд без комиссии, лимит перевода каспи в день
    aqua life концентрат поливекторной гидроплазмы, гидроплазма отзывы
    врачей орталық азия өркениеттерінің негізгі ошақтары,
    орталық азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары тест жоғары сатыдағы өсімдіктер, жоғары сатыдағы өсімдіктер бөлімдері

    Look into my blog: оқушының ата анасына алғыс хат

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.