МЕДИАЦИЯ
Бүгін Астанада Қазақстан мен Өзбекстандағы Ф. Эберт қорымен ынтымақтастықта ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Еңбек қатынастарында медиация» семинар-кеңесі жұмысын бастады.
Семинар-кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының, Ф.Эберт қорының, ЖОО-лардың, салалық кәсіподақтардың, медиация орталықтарының өкілдері, аумақтық кәсіподақ ұйымдарының басшылары, ҚРКФ аумақтық кәсіподақ ұйымдарының медиация кабинеттерінің меңгерушілері қатысты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеевтің айтуынша, ағымдағы жылы құқықтық білім беруді дамыту аясында ҚР Жоғарғы соты мен ҚРКФ-ның арасында Татуласу Орталығын (Центры примирения) құру туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде ҚРКФ-ның кәсіпқой медиаторларымен және соттармен еңбек, әлеуметтік және басқа да дауларды шешу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде. «Қазақстанның әр облысында 16 аумақтық кәсіподақ ұйымының базасында, тараптарды татуластыру орталықтары және медиация кабинеттері құрылды. Кәсіподақтың мамандары еңбек медиациясы істерін белсенді түрде қарастыруда, өйткені медиация кәсіподақтардың табиғи мәні және әлеуметтік және еңбек дауларындағы консенсустың негізгі құралы болып табылады», – деп атап өтті М.Тінікеев.
Семинарда еңбек құқығы мәселелері, еңбек қатынастарындағы кәсіподақтардың рөлі, еңбек дауларын шешудегі медиация шараларын қолдану, кәсіподақтардағы шетелдік медиация тәжірибелерін зерттеу мәселелері талқыланды.
ҚРКФ Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]