2018 жылғы 3 шілдеде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Астана қаласының кәсіподақтар орталығымен бірлесіп Медиация күніне арналған Ашық есік күнін өткізді.

2018 жылғы 3 шілдеде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Астана қаласының кәсіподақтар орталығымен бірлесіп Медиация күніне арналған Ашық есік күнін өткізді.

2018 жылғы 3 шілдеде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Астана қаласының кәсіподақтар орталығымен бірлесіп Медиация күніне арналған Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараға қалалық сот судьялары, ҚР Кәсіподақтар федерациясының мамандары, Астана қаласының кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, кәсіби медиаторлары қатысты.  

Іс-шараның мақсаты - медиация институтын азаматтарымыздың еңбек және әлеуметтік дауларын шешудің әлеуметтік құралы ретінде дамыту және нығайту.

2011 жылғы 5 тамызда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Аталмыш жайт Қазақстанның барлық құқық жүйесі үшін елеулі жағдай болды, бұл өз кезегінде азаматтық қоғам институттарының әрі қарай дамуына және құқықтық мемлекет негіздерінің нығаюына жәрдемдесті.

2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты арасында Әріптестік туралы қол қойылған меморандумды жүзеге асыру мақсатында ҚР Кәсіподақтар федерациясының аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінде медиация кабинеттері құрылды, сондай-ақ, кәсіби медиаторлар, психологтар, заңгерлер, нотариустардың қатысуымен тараптарды татуластыру орталықтары ашылды.

Медиация күніне орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының барлық кәсіподақтар орталықтарында семинарлар, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері өткізілуде.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиация кабинеттері мен тараптарды татуластыру орталықтарымен өткізілетін іс-шаралар медиация институтын еңбек және әлеуметтік даулардың алдын алу, шешу, дауларды сотқа дейін реттеу, халық арасында медиация институтын соттар мен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз даулар мен жанжалдарды шешудің әлеуметтік және балама әдісі ретінде насихаттау механизмін дамытуға бағытталған.

Ашық есік күні аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясы Астана қаласының кәсіподақтар орталығымен бірлесіп Федерацияның кәсіби медиаторларының кәсіподақтарға құқықтық көмек көрсету, еңбек дауларын медиация тәртібімен реттеу, еңбек заңнамасы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауын жүргізді.

Іс-шараға қатысты мәселелер бойынша келесі телефондар арқылы байланысуға болады: 87172-216168, 643468, 87080150979 (Ж.Усипбекова).

 

Азаматтарды қабылдауға арналған мекен-жай:

Астана қаласы, Абай көшесі, 38, 2-ші этаж, ҚР Кәсіподақтар федерациясы ғимаратының акт залы.

Азаматтарды қабылдау уақыты: сағат 11.00-17.00.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.