ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ӨҢІРЛЕРДІҢ АЛДАҒЫ ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ДІҢ ЭПИДЕМИЯЛЫҚ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЖРВИ (тұмауға ұқсас аурулар) мен тұмаудың эпидемиялық маусымы 2018 жылғы қазанда басталады және 2019 жылдың мамырына дейін созылады.
26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің төрағалығымен өңірлердің алдағы тұмау мен ЖРВИ-дың эпидемиялық маусымына дайындығы, сондай-ақ 2018-2019 жылғы эпидмаусымда сырқаттануды азайтуға бағытталған іс-шаралар туралы селекторлық кеңес өткізілді.
Кеңесте республиканың емдеу ұйымдарының тұмауға қарсы вакцинациялауға, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға бастапқы медициналық-саниатриялық, стационарлық көмек көрсетуге дайындығы мәселесі және Қазақстан Республикасының халқы арасында олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Сонымен бірге вирусологиялық зертханалардың тұмау мен басқа да ЖРВИ-ға зерттеу жүргізуге дайындығы талқыланды.
Республиканың медициналық мекемелері алдағы эпидемиялық маусымға дайын.
Тәуекел тобының адамдарын тұмауға қарсы вакцинациялаумен қамту үшін бюджеттік қаражатқа «Гриппол +» ресейлік вакцина сатып алынды, оның құрамында А(H1N1), A(H3N2) тұмауына және В типті тұмауға қарсы штамдар антигендері бар. Тәуекел тобына: медициналық бақылауға жататын балалар, жиі ауыратын балалар, сәбилер, балалар үйінің балалары, мүгедектер мен қарттар үйлерінің контингенті, созылмалы және жүрек-қан тамыры, тыныс алу ағзаларының ауруларымен ауыратын адамдар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер екінші және үшінші триместрінде. Тәуекелдің осы топтарының әрқайсысы аурудың ауыр түріне бейім. Республика бойынша тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу үшін 3428 егу пункті ұйымдастырылған, олар қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген.
Медициналық көмекті уақтылы көрсету мақсатында шақыртулар мен консультациялар үшін медициналық ұйымдарда 1226 телефон бөлінген, үйге шақыртуға қызмет көрсету үшін 1025 бірлік автокөлік бөлінген, ал ЖРВИ мен тұмаумен ауырған ауыр науқастарды емдеуге жатқызу үшін резервтік төсек қоры (5000) анықталған.
Сонымен бірге республиканың медициналық ұйымдарында маманданжырылған көмекті көрсету үшін тұмауға қарсы препараттар қоры құрылған. Қазір Қазақстанда 50 000 қаптама Тамифлю және 10 000 «Реленза»препаратының қоры бар. Стационарлар қарқынды емдеу үшін қажетті жабдықпен және құралдармен қамтамасыз етілген.
Дәріханаларда вирусқа қарсы препараттар мен бір рет қолданылатын бетперделердің жеткілікті қоры бар.
Айта кетсек, жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстарының нәтижесінеде ағымдағы жылы Қазақстанда вакцинациядан бас тартатындардың арасында вакцинация жөніндегі өз пікірлерін өзгерткен адамдардың күрт өсу үрдісі байқалады. Ағымдағы жылғы 8 айда олардың 2220-сы екпе алды, ал 2016 жылы тек 250 адам ғана егілген болатын.
Анықтама үшін: Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудың бірінші белгілері организмге түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды.
Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, терідегі геморрагиялық бөртпе.
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді шарасы вакцинациялау болып табылады, ол эпидемиялық маусым алдында жүргізіледі (қазан-қараша).
Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:
- - адам көп жиналатын орындарда болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
- өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;
- өзіңіз болатын үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;
- өзіңіз болатын үй-жайдың ауасын ылғалдандыру;
- құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;
- дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, дұрыс тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.
ҚР ДСМ ҚДСК баспасөз қызметі
[xfvalue_img]