Маңғыстауда оқу жылы басында 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

Маңғыстауда оқу жылы басында 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу (2018 жылғы 6 айдың қорытындысы) барысы туралы - Индустриялық-инновациялық даму басқармасының м.а. Тілеген Едігеев баяндады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының көрсеткіштерінің динамикасы: өңдеу өнеркәсібінің экспорты – 114, 4%-ға,  өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі – 142,2% - ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 106,0% орындалса, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 112,0% орындалды. 2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі  3,8 млрд.теңгені құраса,  өндіріс көлемі сәйкесінше алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,0% өсіп (ИФО- 112,0%) 118,7 млрд. теңгені құрады.  2017 жылдың қантар-желтоқсан айында өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандар саны 16,8 мың адам.

«Кәсіпкерлікті қолдау қартасы аясында үш жылда  жалпы құны 152,7 млрд. теңге құрайтын 9 жоба пайдалануға беріліп,  944 жаңа жұмыс орны ашылды. Карта аясында 2018 жылы жалпы сомасы 11,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асыру және 223 жұмыс орны ашылуы жоспарланған.

Биылғы жылдың мамыр айында «Бест-Груп» ЖШС күн элекростанциясы жобасы іске асырылған», - деді Тілеген Едігеев.

«Жылыту маусымына дайындық барысы туралы»  - облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков баяндап өтті. Бүгінгі күнге дейін  төрт арнайы штаб  отырысы өткізіліп, облыстың негізгі кәсіпорындарының жылыту  маусымына өте жақсы деңгейде жүріп жатқанын мәлімдеді. «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бойынша негізгі қондырғылардың дайындығы 85% құрайды, «МЭБК» АҚ бойынша дайындығы 90% құрайды. Сондай-ақ, әлеуметтік салалар бойынша дайындық жұмыстары төмендегідей:  388 білім беру нысандарының 369 дайын (95%), 102 денсаулык нысандарынан – 91 дайын (89%),  140  әлеуметтік нысандардың –122  дайын (87%), тұрғын үй бойынша – 1541 көпқабатты үйдің 1356 дайын (88%), (сумен сынау және жуу жұмыстары), қалған үйлер ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін дайын болады- деді Сапар Аманбеков.

Жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындық туралы -  Білім басқармасы басшысының м. а. Нұрлыбек Қойжанов баяндады. Облыста  271    мектепке дейінгі ұйым, 143 мектеп, ТжКБ 27 ұйымы, қосымша білім беру ұйымдары 15  жұмыс істейді. 1 қыркүйекте 134 129 оқушы мектепке барады, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының контингенті 16600 оқушыны құрайды. Жаңа оқу жылының басында күтілетін желі саны – 143 мемлекеттік және 5 жекеменшік мектеп. Биыл облыста  – 9 мектеп ашылды. Оқулықтар  мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға жергілікті бюджеттен  1 млрд. 546 млн. 512 мың қаржы бөлінді.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.