Астанада алғаш рет ТМД елдерінің аруын анықтайтын халықаралық байқау өтеді

Астанада алғаш рет ТМД елдерінің аруын анықтайтын халықаралық байқау өтеді

Шілденің 17-і мен 27-і аралығында Астанада алғаш рет «Мисс ТМД-2018» халықаралық байқауы өтеді. Оны өткізу елорданың 20 жылдығына орайластырылған. Байқаудың мақсаты - қатысушы елдер арасында туризм мен мәдениетті дамыту болып табылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аруы атағы үшін 18 жастан 27 жасқа дейінгі 16 мемлекеттен 25 жеңімпаз бойжеткен қатысып, бақ сынайды.
Конкурста өз елін таныстырып, құрмет көрсету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті. Қатысушылар финалға 10 күн қалғанда Астанаға жиналады. Осы уақыт ішінде олар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады, Астананың көрікті жерлерін аралайды, мерейтойлық мерекелер мен қайырымдылық шараларға қатысады.
Байқауға қатысушылар өз ұлттық киімдерін, сондай-ақ кешкі көйлектерді таныстырады.

Эксклюзивті шоу бағдарламасында әлемдік сахналық жұлдыздар, дарынды суретшілер мен көрнекті дизайнерлер қатысып, өнер көрсетеді.
Әлемге әйгілі модельдік агенттіктермен, өндірістік орталықтар және режиссерлермен ынтымақтасу үшін байқау үлкен жол ашады.
«Мисс ТМД» байқауы 1996 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Байқау Наири Мнацаканян - "Top Model SNG" орденінің иегері,  "Мисс ТМД" Халықаралық байқауының бас директоры және негізін қалаушы, халықаралық«Velada»  модель агенттігінің тікелей қолдауымен өтеді.
Байқауды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстандағы Армения елшілігі қолдап отыр.

 

Конкурстың финалы 27 шілдеде сағат 19.00-де «Қазақстан» Орталық залында өтеді

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.