Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Рухани жаңғыру – патриотизм  негізі»  республикалық байқауында жеңімпаз атанды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» республикалық байқауында жеңімпаз атанды

«Қазақстан» концерт залында  «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты  құқық қорғау және әскери мекемелердің арасында республикалық ведомствоаралық байқау өтті. Дәстүрге айналған бұл байқау биыл үшінші рет өткізілуде.

Байқаудың негізгі мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен  патриоттық рухты күшейтуге қадам жасау. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің,  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту комитетінің қолдауымен өткізіліп жатқан шараны ҚР Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы ашты. Ол республикалық деңгейде өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқтала келе барлық командаларға сәттілік тіледі.

Шара қонақтарының қатарында ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдері, Конституциялық Кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, сондай-ақ құқық қорғау мен мемлекеттік органдардың өкілдері болды.

Байқауға – Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік күзет қызметі өкілдерінен құрылған 6 команда  қатысты.

Командалар 2 айналым бойынша сайысқа түсіп, бақ сынасты. Біріншісі - мемлекеттік органның қызметі және рухани жаңғыру аясындағы атқарылып жатқан нақты істерге негізделген таныстыру мен  бейнебаян сынды екі бөлімнен тұрса, ал екіншісі – «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» сахналандырылған көріністен тұрды.

Сайысты тамашалауға келген қауым командалардың шығармашылығына әбден қанық болды.

 Әрбір ведомствоның өкілдері мемлекеттік тілді жетік білетінін, оны кәсіби қызметте қолдану дағдыларын әрі шеберліктерін  өзара сынға салды. Байқау тартысты да  қызықты, өте әсерлі өтті.

Аталмыш байқауға талабын ұштап, үмітін үкілеп келген әрбір команда, додалы бәйгеде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болуға барынша ынта-жігерлерін салып, күштерін аямады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,

Бірінші орынды - Қорғаныс министрлігі,

Екінші орынды - Бас прокуратура және Мемлекеттік күзет қызметі,

Үшінші орынды – Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті командалары иеленді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жекелеген айналымдарында ерекше көзге түскен қатысушылар түрлі номинациялар бойынша алғыс хатпен ынталандырылды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.