Халықаралық қарттар күні қарсаңында Омбудсмен А.Шәкіров Алматы қ. №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, Алматы қаласындағы №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Аталмыш мекеме егде жастағы азаматтардың тұрақты тұрғылықты жеріне, сондай-ақ отбасылық және медициналық көмекке мұқтаж 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған.
Кездесу барысында Омбудсмен олардың жеткілікті өмір сүру деңгейі, денсаулықты сақтау, әлеуметтік қорғау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру, жүріп-тұру бостандығы, мәдени өмірге қатысу, ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын қамтамасыз ету кезінде халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнаманың нормаларын сақтау контексінде Орталықтың қамқорлығындағылардың тұрмыс жағдайымен танысты.
Сонымен қатар Омбудсмен аталмыш мекеменің тұрғындары мен қызметкерлерімен әңгімелесулер кезінде мекемелердегі тиімді, уақтылы және сапалы мемлекеттік қызметтерді ұсынатын, заманауи мемлекеттік тетікті құруға бағытталған, елдегі өткізілетін институционалды реформаларға байланысты осындай үлгідегі барлық спектрдегі қажетті көмек түрлерінің маңыздылығын атап өтті.
Барулар қорытындысы бойынша тиісті уәкілетті органдарға жіберілетін қажетті ұсыныстар әзірленді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
аппаратының баспасөз-қызметі
[xfvalue_img]