Әлемдегі цифрлық зорлық зомбылықтың әрбір үшінші құрбаны оның салдарын шынайы өмірде бастан кешіреді

Әлемдегі цифрлық зорлық зомбылықтың әрбір үшінші құрбаны оның салдарын шынайы өмірде бастан кешіреді

«Касперский зертханасы» жүргізген жаһандық сауалнамаға* қатысқан респонденттердің үштен бірінен астамы (34%) цифрлық зорлық-зомбылықтың салдарын шынайы өмірде бастан өткергенін айтқан. Оның салдары әлеуметтік оқшауланудан бастап, жұмыстан кетуге немесе оқу орнынан шығарылуға дейін жеткен. Алайда зардап шеккендердің 22%-ы ешқандай әрекет жасамаған. Көп жағдайда бұл олардың немқұрайлылығынан емес, қайда және кімнен көмек сұрауға болатынын білмегендіктен болған.

Цифрлық зорлық-зомбылықтың салдары қандай? Респонденттердің басым бөлігі (79%) оның депрессияға, психологиялық жарақатқа және ұзаққа созылатын күйзеліске әкелетінін атап өткен. Ал 73%-ы беделге нұқсан келтіру мен әлеуметтік оқшаулану сияқты әлеуметтік салдарын көрсеткен. Сонымен қатар қатысушылардың шамамен 55%-ы цифрлық зорлық-зомбылықтың тек экономикалық шығындарын ғана ескерсе, небәрі 51%-ы оның физикалық зорлық-зомбылыққа ұласу қаупін мойындаған. Бұл цифрлық зорлық-зомбылықтың салдары туралы түсініктің әлі де толық қалыптаспағанын көрсетеді. Цифрлық зорлық-зомбылық шынайы өмірдегі зорлық-зомбылыққа, жеке қауіпсіздікке тікелей төнетін қатерлерге, сондай-ақ үздіксіз күйзеліс пен қорқыныштың салдарынан денсаулыққа ұзақ мерзімді зиян келтіруі мүмкін.

Цифрлық зорлық-зомбылықтан кейін өмір қалай өзгереді? Сауалнамаға қатысқандардың 42%-ы мұндай жағдайдан кейін интернетте бұрынғыдан да сақ бола бастағанын айтқан. 17%-ы желідегі белсенділігін азайтса, 11%-ы достарымен немесе туыстарымен қарым-қатынасын шектеген. Ал 10%-ы жеке қарым-қатынасын үзген, 4%-ы жұмысынан кеткен немесе жұмысынан айырылған, 3%-ы оқуын тоқтатқан.

«Адамдар цифрлық зорлық-зомбылықтың эмоционалдық ауыртпалық әкелетінін түсінеді, алайда оның мансапқа, білім алуға және адамдармен қарым-қатынасқа тигізетін ауқымды салдарын көбіне бағалай бермейді. Бұл мәселенің жиі айтылмай қалуы алаңдатады. Егер зардап шеккендер ешқандай әрекет жасамаса, бұл көбіне олардың немқұрайлылығынан емес, қайда және кімнен көмек сұрауға болатынын білмегендіктен болады. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтыру қажет: халықтың ақпараттану деңгейін арттыру, қолжетімді құралдар ұсыну және нақты ұсынымдар беру маңызды», – дейді Kaspersky GReAT жетекші сарапшысы Татьяна Шишкова.

Неліктен адамдар көмекке жүгінбейді? Цифрлық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған респонденттердің 22%-ы ешқандай әрекет жасамаған. Ал бумерлер буынының (1965 жылы және одан бұрын туған адамдардың) арасында бұл көрсеткіш 37%-ға жеткен. Танысына қатысты цифрлық зорлық-зомбылықтың куәгері болғандардың 12%-ы да ешқандай әрекетке бармаған. Бір қызығы, бұл көбіне немқұрайлылықтан емес, не істеу керектігін білмеуден туындайды. Респонденттердің 32%-ы қалай көмектесу керектігін білмегенін айтса, 23%-ы өздерінің араласуы орынды бола ма деген күмәнда болған.

«Касперский зертханасы» ұсынады:

  • Егер өзіңізге қатысты цифрлық зорлық-зомбылық жасалып жатыр деп күмәндансаңыз, оны елемей қоймаңыз. Мүмкіндігінше мұндай оқиғаларды тіркеп, жағдай ушығып кетпей тұрып көмекке жүгініңіз.
  • Цифрлық кеңістігіңізді қорғаңыз: әр сервис үшін бірегей әрі күрделі құпиясөздерді пайдаланыңыз, мүмкін болған жерде екі факторлы аутентификацияны қосыңыз және аккаунттарыңыздың құпиялылық баптауларын үнемі тексеріп отырыңыз.
  • Сталкерлік бағдарламаларды анықтай алатын және күмәнді белсенділік туралы ескертетін қорғаныс шешімдерін қолданыңыз. Мысалы, Android үшін Kaspersky  тегін қосымшасы цифрлық аңду құралдарын анықтауға және белгісіз Bluetooth құрылғылары, соның ішінде сымсыз трекерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
  • Қажет болған жағдайда қолдау қызметтеріне, дағдарыс орталықтарына немесе жақын адамдарыңызға жүгініңіз.
  • Мүмкіндігіңіз болса, өзгелерге де қолдау көрсетіңіз. Егер сіз цифрлық зорлық-зомбылықтың куәгері болып, жәбірленушіге көмек көрсете алсаңыз немесе қайда жүгінуге болатынын ұсына алсаңыз, бейжай қалмаңыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.