«Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында пробация есебіндегі азаматтар да мекенжайынан тексерілді
Ағымдағы жылдың 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық 16 күн» акциясы өтуде.
Іс-шараның басты мақсаты- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады. Осы акцияның өтуіне орай Қармақшы аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова аудандық пробация қызметкерлерімен бірге есептегі сотталғандардың мекенжайларынан тексеріліп,, жаза тәртіп ережелерін бұзған сотталған азаматтарға да тәртіптің шара көрілетіндігі ескертілді.
Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда шұғыл түрде «102» телефон нөміріне хабарласып, жазбаша арызбен де жүгіне алатындықтарын жеткізді.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]