Мемлекеттік-жекешелік әріптестік Қазақстанның жаңа экономикалық даму моделінің негізгі құралдарының біріне айналуда

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік Қазақстанның жаңа экономикалық даму моделінің негізгі құралдарының біріне айналуда

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының орынбасары Әділ Құсманов Азия даму банкі мен Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы ұйымдастырған мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) мәселелері жөніндегі халықаралық инвестициялық диалогта сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында Қазақстанның құрылымдық реформаларға, жеке инвестицияларды тартуға және мемлекеттік институттарды нығайтуға негізделген жаңа экономикалық даму моделін іске асырып жатқаны атап өтілді. Оның мақсаты - ұзақ мерзімді экономикалық өсуді және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті, әртараптандырылған әрі орнықты экономиканы қалыптастыру. МЖӘ заманауи инфрақұрылымды дамытуға, мемлекеттіккөрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мемлекет пен бизнес арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға ықпал ете отырып, жаңа экономикалық даму моделінің негізгі құралдарының бірі болып табылады.

МЖӘ жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Жүргізілген реформалар рәсімдердің ашықтығын арттырып, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтті, сондай-ақ ұлттық тәсілдерді халықаралық стандарттармен үйлестіру арқылы жобаларды іске асыру үшін неғұрлым болжамды жағдай қалыптастырды.

Халықаралық қаржы институттары Қазақстанның маңызды серіктестері болып қала береді. Олар қаржыландырумен қатар сапалы жобаларды әзірлеуге, халықаралық сараптаманы тартуға, үздік әлемдік тәжірибені енгізуге, институционалдық әлеуетті нығайтуға және инвесторлардың сенімін арттыруға ықпал етеді.

Алдағы кезеңдегі басым бағыттардың бірі - МЖӘ жобаларының сапасын арттыру.

Қазақстан әріптестікке ашық әрі көлік, энергетика, су инфрақұрылымы, денсаулық сақтау және жоғары білім беру салаларында сапалы МЖӘ жобаларын әзірлеу мақсатында халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.