СҚО полициясы Есіл өзенінің жайылмасындағы саяжай алқаптарын ерекше бақылауға алды

СҚО полициясы Есіл өзенінің жайылмасындағы саяжай алқаптарын ерекше бақылауға алды

https://youtube.com/shorts/GBL8NkRGhpo?feature=share 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Абай Жусупов Есіл өзенінің жайылмасындағы саяжай алқаптарын патрульдеуді ұйымдастырумен танысты. Ведомство басшысы арнайы аэрокатермен акваторияны аралап, су тасқыны кезеңіне күштер мен құралдардың дайындығын тексерді. 

Өзен және қар суының маусымдық көтерілуі күтілуіне байланысты полиция мен төтенше жағдайлар бөлімшелері жоғары дайындық режиміне көшірілді. Бүгін жеке құрамның күнделікті таңғы сап түзеуі кеңейтілген форматта өтті: жағалау аймақтарын бақылау және азаматтардың мүлкін қорғау үшін қалалық және облыстық полицияның қосымша күштері жұмылдырылды. Қызметкерлерге нақты міндеттерді полиция департаменті бастығының орынбасары Марат Жұмалиев пен Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов жүктеді. 

Су басу қаупі бар аймақтарда жұмыс төтенше жағдайлар департаментімен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілуде. Жағдайды нақты бақылау үшін дрондар мен құтқару жасағының заманауи аэрокатері пайдаланылуда. 

Негізгі мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саяжай учаскелеріндегі мүліктің сақталуын қорғау. Су деңгейінің маусымдық көтерілуіне байланысты жағдай тұрақты бақылауда. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.