Жыл басынан бері СҚО-да есірткіге байланысты 193 қылмыстық істі полиция аяқтады

Жыл басынан бері СҚО-да есірткіге байланысты 193 қылмыстық істі полиция аяқтады

Есірткі құралдарына байланысты қылмыстық істерді тергеудің күрделі мәселелері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде облыстық прокуратураның басшылығымен өткен ведомствоаралық жұмыс кездесуінің тақырыбына айналды. Судьялар корпусының өкілдерімен бірлесіп, құқық қорғау органдары есірткі құқық бұзушылықтары бойынша дәлелдемелік базаны жинаудағы, тергеудің объективтілігі мен толықтығын қамтамасыз етудегі проблемалық тұстарды талқылады.

Қылмыстың бұл түрінің трансұлттық сипаты және психотроптық заттарды байланыссыз тарату тәсілдері жағдайында аталған мәселелер ерекше маңызға ие болып отыр. Кеңестің мақсаты — ұлттың болашағына қауіп төндіретін жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында тергеудің тиімділігі мен сапасын арттыру.

Жыл басынан бері СҚО-да полиция органдары 246 есірткі қылмысын тіркеді, олардың жартысынан көбі — 154 дерек — ауыр және аса ауыр санатқа жатады. Бүгінгі күні олардың 193-і аяқталды, соның ішінде 88-і — ауыр және аса ауыр қылмыстар.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.