Астана қаласының прокуратурасында есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі өтті

Астана қаласының прокуратурасында есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі өтті

Қала прокуроры Е.Р. Өтегеновтің төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста соңғы үш жыл ішінде есірткі қылмыстарын анықтап, ашу жоғары деңгейде екені атап өтілді.

Жыл басынан бері қалада есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 987 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 249 - өткізу фактісі бойынша.

Заңсыз айналымнан 578 кг есірткі тәркіленіп, жойылды, оның ішінде мефедрон - 254 кг, каннабис - 224 кг, гашиш - 80 кг, кокаин - 48 гр.

Прокуратураның үйлестіруі негізінде құқық қорғау органдарымен 3 есірткі зертханалары анықталды.

Тыйым салынған заттарды сату бойынша жұмыс істейтін 118 чаттар мен интернет-арналар бұғатталды.

Наркограффити қолданудың көптеген фактілері анықталды, ҚК-нің 299-1-бабы (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша 14 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бір тұлға сотталды.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға осы бағыттағы жұмысты күшейту ұсынылды, оның ішінде «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы шеңберінде іс-шаралар өткізу, сонымен қатар есірткі қылмысының алдын алу мақсатында кешенді шаралар әзірленді, оның ішінде патрульдік полиция қызметінің алгоритмін құру, IT-мамандарды тарту, полиция бекеттерін күшейту және т.б.

Астана қаласының прокуратурасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив