«Әділетті Қазақстан» жолында: Конституциялық негіз және жасанды интеллект дәуірі

«Әділетті Қазақстан» жолында: Конституциялық негіз және жасанды интеллект дәуірі

Қазақстан Республикасының Конституциясы - халықтың еркіндігін айқындайтын, әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға арналған басты құқықтық құжат. Ол - еліміздің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуының іргетасы. Осыдан 30 жыл бұрын қабылданған Ата Заң бүгінде мемлекеттілікті нығайтатын, ауқымды саяси және құқықтық реформаларға жол ашатын басты бағдарға айналды.

Мемлекет басшысы - Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына жолдауы ел дамуының жаңа кезеңін айқындап берді. Жолдауда «Әділетті Қазақстан» қағидаты нақты жобалармен және іс-шаралармен толықтырылып, әділеттілік пен заң үстемдігі қағидаттарын жүзеге асыру жолында нақты бағыттар ұсынылды.

Демократиялық қоғамның негізгі тірегі - заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері арасындағы тепе-теңдік пен тежемелік жүйе. Бұл жүйе билік тармақтарының бір-біріне бақылау орнатып, өз құзыреттері шеңберінде әрекет етуін қамтамасыз етеді. Мұндай құрылым - әділетті, ашық және тиімді басқарудың кепілі.

Қазіргі цифрлық дәуір құқықтық жүйеге де жаңаша талаптар қойып отыр. Әсіресе жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары - құқық саласының болашағын түбегейлі өзгерте алатын құралға айналуда. Президент жолдауында ЖИ технологияларының елдің цифрлық егемендігінің өзегіне айналуы қажеттігі ерекше аталды.

Осыған орай елімізде таяу уақытта жаңа құрылым - Цифрлық даму және Жасанды интеллект министрлігі құрылатын болады. Бұл орган тек технологиялық үрдістерді реттеп қана қоймай, сонымен қатар цифрлық құқықтық саясатты үйлестіретін басты құрылым ретінде қызмет етеді.

Жасанды интеллекттің құқық саласына енгізілуі бірнеше бағытта айқын артықшылық береді. Атап айтқанда:

  1. Сот процестерін автоматтандыру - уақытты үнемдеу, тиімділік артады;
  2. Құқықтық кеңес беруді онлайн форматта жүргізу -қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
  3. Заң жобаларын алгоритмдер арқылы сараптау -заңнаманың сапасын арттырады;
  4. Келісімшарттар мен құжаттарды автоматты түрде талдау - кәсіби дәлдікке және үнемділікке жол ашады.

Бұл бағыттардың барлығы - құқық саласының қолжетімді, ашық әрі заманауи болуына ықпал ететін жаңашыл шешімдер.

Жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/ қабырғасында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Жасанды интеллект туралы» Заң жобасы жан-жақты талқыланды. Құқықтанушылар, халықаралық сарапшылар және депутаттар қатысқан бұл іс-шарада ЖИ технологияларын енгізу кезіндегі құқықтық, этикалық және техникалық мәселелер кеңінен қаралды.

Процестердің жеделдеуі - уақытты тиімді пайдалану;

Теңдік пен ашықтық - шешім қабылдау логикасы түсінікті болуы шарт;

Қолжетімділік - шалғай аймақтарға құқықтық қызмет көрсету мүмкіндігі;

Инновациялық серпін - ғылыми зерттеулер мен стартаптардың дамуына жол ашады.

Қазақстанда жүзеге асып жатқан конституциялық және цифрлық реформалар - бірін-бірі толықтыратын тұтас үрдіс. Бұл тек құқық саласын жаңғырту ғана емес, сонымен бірге елдің технологиялық болашағын айқындайтын маңызды қадам. «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы заң үстемдігі мен цифрлық жетістіктерді ұштастыру арқылы қоғамның сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтарын барынша қорғауға бағытталған.

Жасанды интеллект пен конституциялық құқық бір арнада тоғысқанда, еліміз жаһандық бәсекелестікке бейім, цифрлық қоғамды құру жолында сенімді қадамдар жасайтыны сөзсіз.

 

Нажия Калишева

Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің заң ғылымдарының докторы, мемлекет және  құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті

 

Диана Мусабаева

Астана қалалық соты, баспасөз қызметінің бас маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.