Қытайдың танымал блогері Қазақстан туризмнің елшісі атанды

Қытайдың танымал блогері Қазақстан туризмнің елшісі атанды

Астанада Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов «Қазақстан туризмінің елшісі» мәртебесін Қытайдың танымал инфлюенсері  Таотаоға табыс етті. Блогер өзінің ықыласымен еліміздің бай мәдениеті мен табиғатын 7 миллиондық аудиториясына таныстырып келеді.

Қытайдың инфлюенсері Қазақстанның 3 өңірімен танысып үлгерді. Ол алғаш рет елімізге 2024 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында келген. Бұл жолы Таотао Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірегей табиғи жерлерін саяхаттап, Астана және Алматы қалаларының айналасымен танысуда.

Таотао атқа мінуге үлкен қызығушылық танытады. Ол еліміздің мәдениеті мен көркем табиғи ландшафттарына ерекше назар аударады. Блогер өз жарияланымдарында қазақтың дәстүрлі киімдері мен ұлттық асхананы паш етеді, бүркітпен аң аулау тәрізді бірегей сәттермен бөліседі.

«Мұндай құрметті мәртебенің берілгеніне аса қуанып, ризашылығымды білдіремін. Барынша көп адам Қазақстан жайлы білсін және келсін деген ниетпен әсем табиғаттарыңыз бен ұлттық тағамдарыңызды көрсетуді жалғастырамын», - деп өз әсерімен Таотао бөлісті.

Kazakh Tourism 2018 жылдан бері «ҚР туризмінің елшісі» бастамасын жүзеге асыруда. Бұл Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретінде ілгерілетуге, әлемнің түкпір-түкпіріндегі саяхатшылар назарын еліміздің табиғи және мәдени байлығының алуан түрлілігіне аударуға бағытталған. Өткен жылы құрметті миссияны жапондық блогер Юджи Натсума қабылдады.

 «Туризм елшілері институты - ұлттық туристік брендті шетелде ілгерілетудің маңызды құралы. Олардың арасында туристік индустрияның, мәдениет және білім беру, медиа цифрлық кеңістік өкілдері бар. Қазақстан туризмінің елшілері әлемнің бірқатар мемлекеттерінде бар. Олар өздерінің үлкен ықыласымен және ақысыз негізде елімізді көпшілікке паш етуде», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК»  АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.

Kazakh Tourism

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.