Астанада студенттермен есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өтті

Астанада студенттермен есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өтті

Жастар арасында есірткіден бас тарту мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында елордада  Сарыарқа аудандық Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы полиция майоры Агиля Бескемпірова және Астана қаласы Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы полиция капитаны Талғат Исатаевтың жетекшілігімен студент жастармен есірткіге қарсы бағытталған профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында студенттерге есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу, олардың адам денсаулығына, өмір сапасына және қоғамға келтіретін зияны туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде балалардың қатысуымен болуы мүмкін жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстау және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді.

Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға, оларды қауіпсіз әрі салауатты өмірге бейімдеуге бағытталған.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.