Тараздық полицейлер мен психологтар студенттермен есірткінің зияны туралы дәріс өткізді
Тараз сервис және технология колледжінде «Синтетикалық есірткі мен дәріханалық нашақорлықтың зияны» тақырыбында дәріс өткізілді. Онда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, психологтар спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Іс-шара барысында студенттерге нашақорлық дертінің алдын алу, есірткіні тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері, пайда болу тарихы әртүрлі есірткі заттарын қолданудың қаншалықты зиянды екендігі турасында айтылды.
Кездесуге қатысушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан заңнамасында көзделген есірткі құралдарының, психоактивті заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны туралы ақпарат берілді.
- Жамбылдық полицейлер жастар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жастарды есірткі сатушылардың қылмыстық ықпалына қарсы тұруға шақырады. Кез-келген кезеңде масаң күйге ендіретін заттарды қолдану ауыр зардаптарға әкеледі. Бүгінгі таңда біздің әрқайсымыз есірткінің таралуына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға дайын болуымыз маңызды. Сонымен қатар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, - деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]
1 пікір