Астанада интернет алаяқтығымен күрес бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астанада интернет алаяқтығымен күрес бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы Полиция департаментінің Кибер қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет алаяқтығының алдын алу және азаматтардың киберқауіпсіздік туралы білімін арттыру мақсатында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» мекемесінде түсіндіру дәрістерін жүргізді.

Дәріс барысында басқарма мамандары интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлерін, жеке деректерді қорғау тәсілдерін және кибер шабуылдардан қорғану жолдарын түсіндірді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы ақпарат алды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қаладағы тұрғын үй кешендерін аралап, азаматтарға киберқауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратты. Бұл жадынамаларда интернеттегі қауіп-қатерлер мен олардан сақтану жолдары қарапайым әрі түсінікті тілмен баяндалған.

Киберқылмыстардың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің маңызды бөлігі. Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға, күмән тудыратын сілтемелер мен бейтаныс адамдардан келген хабарламаларға сенбеуге шақырады. Кез келген күдікті жағдай туындаған жағдайда, тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгінуі тиіс.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.