Полицейлер алаяқтардың арбауына түскен зейнеткердің 2 миллион теңгесін сақтап қалды

Полицейлер алаяқтардың арбауына түскен зейнеткердің 2 миллион теңгесін сақтап қалды

Бұған қырағы қала тұрғыны себепші болған. Банкоматқа кезекте тұрған ол алдындағы егде жастағы әйелдің тұрысына көңіл аударады. Ол ақша сомаларын енгізіп, белгісіз біреудің телефон арқылы нұсқауы бойынша оларды әр түрлі шотқа аударған. Әйел ескертуге құлақ аспаған, қырағы қала тұрғыны полицияны шақырған. Шұғыл жеткен қызметкерлер жәбірленушіні Петропавл қ. ПБ жеткізіп, оған алдаудың құрығына іліккенін айтқан.

Белгілі болғандай, 73 жастағы зейнеткерге белгісіз біреулер қоңырау шалып, «электр энергиясына шотты тексеруге» Е-salyq қосымшасына кіру үшін sms келген құпия сөзді айту қажеттігін айтқан. Келесі қоңырау «қаржылық бақылау маманы» атынан келген. Ол әйел адамға оның атына біреу несие ресімдеп жатыр және одан «сақтану үшін» несиеге алынған ақша мен қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударған жөн деген. Жәбірленуші алаяқтардың нұсқауы бойынша 3 миллион теңгені жіберіп үлгерген. Қалған 2 миллион теңгені қамқорлық танытқан қала тұрғыны мен жедел әрекет еткен полицейлердің арқасында сақтап қалу мүмкін болды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күшейтілген профилактикалық жұмыстың арқасында бүгінгі таңда солтүстікқазақстандықтар интернет-алаяқтарға алданбауға тырысуда. Полицейлер сақтық танытып, жақындарыңыз бен таныстарыңызды, әсіресе қарт адамдарды алдаудың амалдары туралы ақпараттандыруды сұрайды.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.