Рейхстагқа ту тіккен батыр ағамыз - Рахимжан Қошқарбаев
1969-71 жылдары Нақыпбек Садуақасов Қарағанды облысы Шет аудандық прокуратурасының тергеушісі міндетін атқарып жүрген кезінде аудандық прокурор болып адамгершілігі биік, қасиеті мол, қарапайымдылығы ерекше Нәженов Мұхаметжан-аға қызметтес болған екен. Жастығы мен сырткөз кейпіне қарай еларасы жұрт Нақыпбекті «бала тергеуші» атапты. Сол кезде ол Қазақстан астанасы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің сырттай бөлімінің 3-ші курс студенті. Бірде Нақыпбек сесcия тапсыруға Алматыға жүрмекші болады. Ол заманда қонақ үйлері мен басқа да үйжайларда жатын орын табу аса қиындық тудыратыны белгілі.
Нақыпбек Садуақасов-1970 жыл, Ақсу-Аюлы селосы
Осны білетін Мұхаң:
-Ал, Нақыпбек, жолың болсын! Жатын жер іздеп қиналсаң, Рахымжанға менен сәлем айтып, алдына барсаң, «Алматы» қонақ үйінен орын тауып береді. Ол сонда директор.
Нақыпбек:
- Рахымжан деп отырған адамыңыз Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен батыр ағамыз емес пе?
-Иә, сол сабаздың өзі, ертеден доспыз және құрдаспыз. Жас кезімізде балалар үйінде бірге тәрбиеленген едік.
«Алматы» қонақ үйі сол заманның өте үлкен де көрікті орталық меймаханалар қатарына жататын, сондықтан бос орын табу өте қиындық тудыратын. Соған сай номерлері де қымбат еді. Онда орналасу кедейлеу пенделердің қалтасы көтермейтін. «Алматы» қонақ үйінің тап желкесінде орналасқан, арзан ақылы, жұпынылау, тақтайдан соғылған екі қабатты «Есік» қонақ үйі болатын. Студенттер мен кедейқолдылар соған орналасуға тырысатын. Осы пенделердің қатарына Нақыпбекте жататын. Сондықтан ол Рахаңнан жатын орын сұрау мақсатында емес, ардақты ағаға тек сәлем беріп шығуға бет алады. Рахаң Нақыпбекті кабинетінде жылы жүзді қарсы алып, жөн сұраса келе, Мұхаңның сәлемін естіп:
-Е, Мұқаметжан темекісін будақтатып, әлі басын шұлғып, тепсініп жүр ме, аман есен бе? (Рахаң Мұқаңның басына тән әдеттерін дөп айтып тұр еді) Жасымда ол қыңырды сан рет сабап, жөнге салғаным бар еді, сондықтан қазір пілдей прокурор - деп қалжыңдап, күлді.
-Ал, Нақыпбек, шаруыңды айта отыр.
-Ешқандай шаруам жоқ, сізге арнайы сәлем берейін деп келдім.
Біраз жылдар өте, Нақыпбек Рахаңа сәлем бере барып:
- Раха, сізден сұрар бір бұйымтайым бар еді...
-Айта ғой.
-Әкем Кенжебай Ұлы Отан соғысына 1939 жылғы фин қақтығысынан бастап, Ұлы жеңіс күніне дейін майданда 6 жыл әскер қатарында болған. Сіздің атыңызды ел аса құрметпен атайды. Әкем де сізді мақтанышпен аузына алып отырады. Майдандас серіктесіңізге бір фотоңызды сыйға тартсаңыз, қуанып қалар еді.
-Жақсы, бұйымтайың үлкен емес екен - деп, Рахаң үстелінің тартпасынан өзінің бір фотосын алып, сыртына арнау сөздерін жазып болып,
Нақыпбекке:
- Әкеңе менен үлкен сәлем айт. Аман-есен болсын, жауынгерлік қайраты мұқалмасын. Ал, өзің келіп, бас көрсетіп тұр - депті.

Кенжебайға зор денсаулық, ұзақ өмір үй ішіне бахыт тілеймін
Рахымжан Кошқарбаев 17 VIII 1978 ж Алматы
Содан, бір жылдан кейін сәті түсіп, Нақыпбек КазМУ-дың Заң факультетінің 4 курсының кундізгі бөліміне аусып, Алматыға тұрақты қоныстанып, өқу бітіре қызметке орналасып, оған көркем де ару қалада 35 жыл өмір кешу бұйырған екен. Әлбетте, Нақыпбек батыр аға Рахаңа орайы келгенде сәлем беріп тұрыпты. Сан мәрте ол Рахаңның майдандағы оқиғалар туралы, Рейхстагқа жеңіс туын тіккені жайлы естеліктерін үлкен ықыласымен тыңдаған. Рахаң өзінің көп биік қасиеттерімен қоса, әңгімелерін өте тартымды, көркем суреттеп, әсерлі баяндап, шебер айтады екен.
Нақыпбек өз басы шәруасымен Рахаң алдынан ешқашан өтілмепті, бірақ бір рет қызметтес, Қазақ Ғылым академиясының Философия және право институтының ғылыми хатшысы Акуев Николай Ильичтің өтініші бойынша барғаны есінде. Бірде Николай Ильич:
-Нақыпбек, жұбайым кандидаттық диссертация қорғайтын еді. Мәскеуден екі ғалым-оппонент келетін болды. Соларға жақсы қонақ үйінен екі орын алу қиын болып тұр. Көмегің бар ма?
- Жүріңіз - деп Нақыпбек Николай Ильичті «Алматы» қонақ үйінің директоры Рахаңа алып барады. Рахаң Нақыпбекті жылы қарсы алып, оған оң қолын беріп амандасады да, Николай Ильичке үрпие қарап, сол қолын беріпі. Бірақ Батыр Аға сөзге келмей екі люкс номерлерді мәскеулік қонақтарға босатыпты.
Наджи Бек
[xfvalue_img]

4 пікір