Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін «Antikor ortalygy» алаңында елорданың ЖОО студенттері арасында өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Ғылыми жарыс Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен Жастар саясаты мәселелері басқармасымен 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырып ұйымдастырылды.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов, жастар саясаты басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров қатысуымен өтті.
Жиналғандарды құттықтай отырып, Ілияс Базилов: «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін шешу көбінесе жастардың ұстанымына байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасқан елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар мен жастардың өзара іс-қимылының одан әрі жүйелі жұмысы бойынша ұсыныс енгізілетінін алға тартты.
Ғылыми сайыстың мақсаты – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәртібіне төзбеушілік мәселелеріне тарту.
Байқауға жоғары оқу орындарының 40-тан астам студенттері қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша:
1 орын: Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің 2 курс студенті Күлмұханбетов Азат;
2 орын: Еуразия ұлттық университетінің 2 курс студенттері. Л. Н. Гумилев-Ералиев Бекзад Қайратұлы, Адуйн Бақбол, Құрманалиев Дидар Әбдуәліұлы;
3 орын: Тұран - Астана университетінің 2 курс студенті Айтжанов Шыңғыс Советұлы.
3 орын: Абильдина Айгерим, Еуразия гуманитарлық институтының 3 курс студенті иеленді.
Байқау жеңімпаздарына сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
[xfvalue_img]