СҚО полицейлері Ұлттық кітап күніне қатысты

СҚО полицейлері Ұлттық кітап күніне қатысты

Петропавлдағы И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапханада өткен Ұлттық кітап күніне арналған іс-шараға учаскелік полиция инспекторы Виктория Вьюшкина мен Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Серік Әбілғазинов қатысты.

Іс-шараны кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды. Қонақтармен бірге тәртіп сақшылары ұлттық мәдениет атмосферасына бөленіп, қазақ әдебиетінің классиктерін еске алып, кітаптың тұлға қалыптастырудағы маңызы жөнінде пікір алмасты.

Полиция майоры Серік Әбілғазинов Мағжан Жұмабаевтың өлеңін жатқа оқып берді. Ол ұлы ақынның шығармашылығын әр солтүстікқазақстандықтың білуі заңдылық екенін атап өтті.

Полицияның аға лейтенанты Виктория Вьюшкинаны қазақ әдебиетінің тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының өсиет сөздері шабыттандырады. Ол Абайдың алғашқы қара сөзін оқып берді. Оның айтуынша, бұл шығарма — ұлы ақынның даналыққа бастар жолдағы алғашқы қадамы.

Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері полиция департаментіне әртүрлі бағыттағы кітаптар жинағын сыйға тартты. Қазіргі заманғы қазақстандық полиция қызметкері жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс. Медиа саланың қарқынды дамуына қарамастан, кітап оқу — жеке мәдениеттің берік іргетасы болып қала береді.

Нұрбек Баекин

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.