Петропавл полицейлері Республика күні қарсаңында тарихи турнирде жеңіске жетті
Тарихи турнирге қатысқан СҚО полицейлері мемлекеттік тілді, эрудиция мен тапқырлықты негізге алды. Облыстық полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі және Петропавл қаласындағы И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана ұйымдастырған зияткерлік ойын Республика күніне арналған болатын. Кітапхана қызметкерлері әр түрлі қиындық деңгейіндегі сұрақтарды дайындады. Олар Қазақстан тарихына, географияға, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне қатысты болды.
Ойын 8 турда өтті. Фото және бейнематериалдармен сүйемелденетін сұрақтардың жеке бөлігі туған өлкенің тарихына қатысты болды. Мысалы, қатысушыларға Қарасай мен Ағынтай батырлар туралы айту керек болды (олардың ескерткіші бұрыннан СҚО-ның басты ескерткіштерінің ретінде танылған). Тапсырмалардың бірі ұлы солтүстікқазақстандық ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты болды. Ал әйгілі "Тақиялы періште" фильмінің үзіндісін көргеннен кейін тәртіп сақшылары СҚО тумасы болған әйгілі қазақ және кеңестік опера баритоны Ермек Серкебаев туралы айтып берді.
"Турнирге облыстық полиция департаменті аппаратының екі командасы және Петропавл қаласы полиция басқармасының командасы қатысты, - дейді СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин. - Бірінші орынды қалалық ПБ қызметкерлері иеленді. Мұндай іс-шаралар қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал етеді, ортақ Отанымыздың тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті оятады, біздің мәңгілік құндылықтарымызды насихаттайды".
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]