Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда: тәртіп сақшылары ата-аналармен кездесті
Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияда ата-аналарға арналған профилактикалық бағыттағы маңызды кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналармен өзара тиімді байланыс орнату. Кездесуді Сарыарқа ауданы учаскелік полиция инспекторы Кенжебай Мусаев пен аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Руслан Байбориев өткізді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті арттыру, мектептен тыс уақытты тиімді пайдалану және ата-аналардың жауапкершілігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін сақтау – мектеп маңындағы және жол қозғалысы қауіпсіздігі, бөгде адамдармен қарым-қатынас ережелері, интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы айтылды.
Сондай-ақ, ашық терезелерге байланысты қауіптің алдын алу – көпқабатты тұрғын үйлерде орын алуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін нақты ұсыныстар берілді.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар беріліп, күнделікті тұрмыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар ұсынылды. Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларымен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті.
№67 гимназия ұжымы үшін оқушылардың қауіпсіз ортасын қалыптастырудағы басты басымдықтардың бірі.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]

1 пікір