Балаларды киберқауіптен қалай сақтау қажет: Петропавл полицейлері ата-аналармен кездесулер өткізуде » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Балаларды киберқауіптен қалай сақтау қажет: Петропавл полицейлері ата-аналармен кездесулер өткізуде

Балаларды киберқауіптен қалай сақтау қажет: Петропавл полицейлері ата-аналармен кездесулер өткізуде

Telegram мессенджеріндегі арналардың бірінде оқушылардың атына кір келтіретін мәліметтердің пайда болуына байланысты Петропавл мектептерінде жоспардан тыс ата-аналар жиналысы өткізілуде. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін полиция ұстаздармен бірлесіп, ата-аналарға балаларды қорқытудан және басқа да интернет-қауіптерден қалай қорғауға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп жатыр.

Полицейлер кибербуллингті неге елемеуге болмайтынын, жеке деректер мен әдепсіз мазмұндағы контентті таратудың салдары және құқық бұзушылар үшін қандай жауапкершілік шаралары көзделгенін айтады. Ата-аналарға 2024 жылы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарға қатысты статистика жайлы айтылды, олардың алдын алу бойынша нақты ұсынымдар беріледі.

Осындай жиналыстарға қалалық ювеналдық полицияның бастығы полиция капитаны Жанат Мұстафина да қатысып жүр. Тәртіп сақшысы балалардың интернеттегі әрекеттерін бақылау ата-аналардың жауапкершілігі екенін еске салады. Сондай-ақ кездесулер барысында жасөспірімдердің синтетикалық есірткіні қолдануының қауіптері мен суицидтің алдын алу шаралары талқыланады.

Петропавлда барлығы 30-дан астам мектеп бар, олардың әрқайсысында полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Балалардың қауіпсіздігі – ата-аналардың, ұстаздардың және құқық қорғау органдарының бірлескен міндеті.

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.