Игілік пен зұлымдық – әлемдік арпалыс
«Игілік пен зұлымдықты ажырату – үлкен даналық»
Сократ – біздің заманымызға дейінгі 470-399 жж
Философия ілімі ақиқаттың есігін ашады, қоғами құбылыстардың шынайы көрінісін көз алдымызға әкеледі деген айқын қағидатқа сүйене отырып, біздің аса күрделі, тынымсыз да мазасыз дәуірімізде әлемдегі әрбір адам үшін "игілік пен зұлымдық" (қарапайым түсінікте - «жақсылық пен жамандық») ұғымдарының шынайы мағынасын түсініп, жадында сақтап, әрдайым оң шешім қабылдап, дұрыс іс-әрекет жасауы өте маңызды. Өйткені, қазіргі дүрбелең заматта саналы пендені алаңдатын ең басты сұрақ: «Жер бетіндегі адамзат із-түзсіз жойылып кете ме?!». Ия, бұл жалпы жаһандық аса өзекті мәселе бүгінгі әлемдік қоғамның «күнтәртібінен» түспей келеді. Олардың ең қауіптісі ядролық соғыстың апатты отының кенеттен тұтануының мүмкіндігі. Бұл қауіп американдық беделді басылымының сарапшылары (Bulletin of Atomic Scientists) болжамы бойынша соңғы уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі ретінде бағаланады. Украинадағы, Таяу Шығыстағы және онымен бірге жүретін халықаралық шиеленіс ядролық қаруды қолданудың мүмкіндігін бұрын-соңды болмағандай жақындатады («Әлдебір адамдар зұлымдық жасайды, бірақ кейбіреулер оны көре тұра қарсы ештеңе жасауға талпынбайды». Альберт Эйнштейн). Өкінішке орай, бұл жаппай қырып-жою қаруы жақсылық пен жамандық туралы әртүрлі түсініктері бар жеке адамдардың қолында. Сондықтан адамзаттың болашағына қазіргі барлық төніп тұрған қауіп – қатерлерден (жаппай қырып-жою қаруларын қолдану, әскери қақтығыстардың көбеюі, халықаралық терроризм, климаттың күрт өзгеруі және ғылыми прогрестің кері салдарлары) қорғап қалу мәселелері саналы да белсенді пенденің басты парызы екені анық. Әлемде адам өмірінен артық асыл құнылық жоқ! Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бас хатшысы Антониу Гутерриштің пікірінше, адамзатқа төніп тұрған қауіптің тағы бірі - «қоғам негізін бүлдіретін теңсіздіктің өсуі».
Тиісінше, бұл тақырыптың проблемасы бұрын-соңды болмағандай маңызды. Озық ақыл-ой өкілдерінің «игілік пен зұлымдық» ұғымын түсінуге деген ұмтылыстары философияның мәңгілік мәселелеріне айналған. "Игілік пен зұлымдық" философиясы өте жауапты ғылыми көзқарас пен терең ойлауды қажет ететін маңызды зерттеу саласы болып қала бермек. Бұл мәселені мұқият түсіну әр адамға адамгершілік құндылықтардың табиғатын жақсы ұғынуға, саналы этикалық шешімдер қабылдауға, болып жатқан әлеуметтік процесстер мен өткеннің тарихи оқиғаларын дұрыс бағалауға ұмтылуға көмектеседі. Ең бастысы әрбір пендені жақсы істерге ынталандырады. Өйткені, әділ ой-пайымдар, ақылға қонымды шешімдер мен игі істер шынайы оң тілекті, ақниетті адамның болмысын құрап, Ұлы Абай армандаған «толық адам» келбетін қалыптастырады. «Толық адам» ғана ізгілікті істердің бастаушысы болып, Ел игілігіне бағытталған жасампаздық шараларды жүзеге асара алады. Қазіргі қаһарманымыз – әрсаладағы ырыздықты материалды және рухани дәулетімізді еселендіретін, Отанымыздың мүддесін қорғайтын патриот, ұлтжанды жасампаз замандасымыз болуы хақ.
Адамзаттың күрделі қоғами, әлеуметтік даму тарихында, қарапайым күйбең-тірлікте болсын «игілік пен зұлымдық" арақатынсы үзілмес шытырман, шиеленіскен құбылыс екені анық. «Игілік» (жақсылық) философиялық ойдың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады және адамның рухани иерархиясындағы ең жоғары құндылықтардың бірі ретінде танылады. Тарихқа дейінгі көзге шалынбайтын ықылым заматтарда адамдар «жақсылық пен жамандық» түсінігін өздерінше пайымдағанын тек болжауға болады. Бұл түсініктер ғасарлар бойы бірте-бірте жетілмесе олардың санасының дамуы екіталай болар еді. Кейінірек, біршама ойшылдар бұл түсініктерді саралау, талдау, саналы түрде жетілдіруге үлкен үлес қосқан. Бұлар, ежелгі грек философы Сократ (б.з. д. 469-399), Аристотель (б.з. д. 384-322 жж.), Еуропалық ағартушылық ойшылдар Томас Мор (1478-1535), Жан-Жак Руссо (1712-1778); олардың кейінгі буыны Томас Гоббс (1588-1679), Никколо Макиавелли (1469-1527); неміс философы Иммануил Кант (1724-1804), классикалық философиясының негізін қалаушылардың бірі Фридрих Гегель (1770-1831). Бұл тақырыпты талдауға марксистер де өз үлесін қосқан. Осыған байланысты жақсылық пен жамандықты түсінуде шатасулар жиі кездеседі («Жақсылық пен жамандық туралы идеялар халық арасында, ғасырдан ғасырға дейін өзгергені сонша, олар көбінесе бір-біріне тікелей қайшы келеді». Ф. Энгельс).
Біздің әйгілі жерлесіміз, Шығыстың ұлы ойшылы, энциклопедиялық білім иесі, әлемнің екінші ұстазы саналатын жан-жақты білімдар ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің (870-950) ең маңызды философиялық идеясы - адамдар өзара бейбітшілікті сақтауы керектігі. Тек осы жағдайда ғана олар шынайы бақытқа, жалпыға бірдей мейірімділікке, шынайы шындыққа қол жеткізе алады. Бұл ретте Әл-Фараби «ақиқатқа апарар жол – ақылға сүйену» екендігін көрсете отырып, адамның іс-әрекетіндегі ақылға басымдық береді. Дүниеге келген адам тек адамгершілікке бейімділікке ие болады. Кейіннен бұл бейімділікті адамгершілік әрекеттерді жасау үшін дамыту керек. Ол: «жаман мінез – бұл психикалық ауру», - деді. Ғалымның мына ойларының маңыздылығын ерекше атап өткен жөн: «саяси қайраткерлер қала тұрғындарын жақсылық жасауға дағдыландыру арқылы жақсы етеді». Осылайша, күш-жігер адамдардың игі істер жасау әдетін қалыптастыруға бағытталуы керек. Әл-Фараби адамгершілік іс-әрекетке дағдылануды ұсынады. Ол өзінің көптеген шығармаларында шығармашылықты адамдардың бақыты үшін пайдалы игіліктер жасаумен байланысты іс-әрекет ретінде түсінуге жақындады, оның негізгі мақсаты асыл адамгершілікті қалыптастыру еді.
Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай (Ибрагим) Құнанбаев (1845 - 1904) адамның тағдырын түсіну мәселесіне ерекше мән берді. Абай халықты жалпыға бірдей ағартуға, ғылым жетістіктерін қолдануға және әлемді тануға шақырды («Сен де бір кірпіш – дүниеге, /Кетігін тап та, бар қалан!»). Абай әлемді тану адамның табиғи қажеттілігі деп есептеді, сондықтан ол бүгінге, өткенге және болашаққа қызығушылық танытуы керек. Абай адамдарды қорлауға және қорлауға жол бермейтін табиғи теңдік идеясын білдірді, гуманизм идеяларын, барлық игі істер жасау қажеттілігін үнемі насихаттады. Абай «өзіңе шын жүректі тәрбиелеу үшін мейірімді бол», - деп шақырады. Абай «барлық жақсылық – мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, жауаптылық» жүректен шығады деп есептеді. Егер жүрек таза болса, онда адамдар арасында реніш болмайды, адамдар жылан сияқты зұлымдықтан аулақ болады. Абайдың пікірінше, «толыққанды адам» («толық адам») болу – адам өмірінің мәні мен мақсаты. Бұған «ақылдың, батылдықтың және жүректің» өзгермейтін бірлігі арқылы қол жеткізуге болады. Бұл ретте жүрекке жетекші рөл беріледі. Абай танымдық үдерістегі ақыл-ойдың рөлін қарастыра отырып, ақыл бізге өмірдің мәнін білуге мүмкіндік береді, ал ерік-жігер адамдарды түрлі іс-әрекеттер жасауға жетелейді деп санайды. Абай ұрпақтары үшін мына мәні зор ой-пайымды қалдырды: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық».
Қазіргі дүрбелең заманда Қазақстан үшін көршілес екі алпауыт державалар - Ресей мен Қытай мемлекеттерімен адал да тату көршілік қарым-қатынасты сақтаудың маңызы зор екенін атап өтуіміз үлкен парыз. Тарихи тұрғыдан алғанда, ғасырлар бойы Қазақстан мен қазақтарды Ресей мен Қытай қатыгез моңғол жаулап алушыларымен сәйкестендірулерінің салдарынан қазақтар ғасырлар бойы орыс-қытай үшін жауыз жаулардың "ұрпақтары" ретінде олардың тараптарынан қырғынға ұшырап, ғасырлар бойы зардап шеккенін мойындау керек. Шындыққа жүгінсек, Шыңғыс хан әскерлерінің жойқын шабуылынан қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген түркі тайпалары (қазақтар), орыстар мен қытайлар орасан зардап шекті (академиктер А.Марғұлан, М. Қозыбаев және т. б. еңбектерін қараңыз). Моңғол жаулап алушылары еліміздегі жүздеген гүлденген қалаларды қиратып, өртеп жіберді, алдымен тонау мен қорлауға ұшыраған миллиондаған бейбіт тұрғындарды жойды. Осылайша, Қазақстан аумағы Шыңғыс ханның ұлдары – Жошы мен Өгедейдің ұлыстарының құрамына енді. Кейінгі бірнеше ғасырлар бойы Қазақстанды 85 хан басқарды, бірақ барлықтары Шыңғыс ханның ұрпақтары (чингизид, төрелер) еді. Хандардың ешқайсысы да бұл байтақ ұланғайыр жер «Қазақтар елі» деп жариялаған жоқ. Шыңғысхан мен оның ұрпақтары 7-ті ғасыр бойы қазақтардың тірлігін жан-жақты дамудан ада етіп, қарапайым көшпенділер тығырығына тіреді. Осы ғасырларда еліміз ғалымдар мен саяхатшылар тарапынан тоқырау мен жабайы кезеңдер ретінде сипатталды: қалалар салынбаған, ғылым дамымаған, мәдениет өркендемеген және т.б. Сондықтан да сол дәуірде Қазақстан елдімекен аумағы "Жабайы орда" деп аталды. Ғалым Шоқан Уалиханов өзі төре (чингизид) тұқыманан болса да, тарихи шындыққа жүгінген. Шоқан жазбалары бойынша, Абылайхан өз ұрпақтарына «қазақ руларының дүрдараздығын қоздырып отыру» Шыңғысханнан бастау алған хан билігінің тұрақтылығы мен беріктілігіне тіректі желеу болатындығын өсиет еткен. Қандай залым саясат десеңізші! Осыған орай біз кімдерді ұлықтап жүргенімізді білеміз бе?! Ал Шоқанның бабасы Шыңғыс хан көптеген елдерде миллиондаған жазықсыз адамдардың қанын төгіп, мыңдаған қалалар мен ауылдарды қиратқан қатыгез жауыз ретінде танылады. Алайда, Қазақстанда осы айқын шындыққа қарамастан, зұлым Шыңғысхан мен оның ұлдарының есімін идеализациялау және ұлықтау процессі бұрыннан жүріп келеді. Жекелеген пенделер Шыңғысханның қазақ екенін асабір құлшыныспен дәлелдеуге тырысады. «Күлейік пе, жылайық па ?!» деген осындайға айтылған болар. Ол қазақ емес, қазақ болмайды да: бұл бұлжымас тарихи ақиқат. Тіпті ол мың жерден қазақ болсада да жауызды қаһарман ету күнәнің ең үлкені екені анық. Қазір Елімізде оның ұлы Жошы қайырымды жан ретінде құрметтеледі: кейбір пенделер оның қабіріне табынады (ал ғалымдар Жошының атымен аталатын кесенеде оның сүйегі жатпағандығы туралы анықтама беруде): оған үлкен ескерткіштер қойылып, көшелер оның есімімен аталып, оған салтанатты іс-шаралар арналып жатқаны өкінішті де күлкілі. Оны жұрт "Жошы хан" деп атайды, бірақ Шыңғысхан көзі тірі кезінде одан басқа адам хан аталмайтындығы анық: бір мемлекетті екі хан билеуі мүмкін емес, өйткені бұл - нонсенс. Өздеріңіз білетіндей, Жошы әкесінен бұрын қайтыс болған. Сонымен, игілік қайда, зұлымдық қайда? Ақыл-есі дұрыс адам жауыз Гитлер мен оның жақтастарына құрмет көрсетіп, ескерткіштер қоя ала ма? Жоқ, әрине. Гитлерге арналған ескерткіштер тіпті Германияда да түп-тұяқаны қалдырылмай жойылған. Адамзат жадында фашист және нацист Гитлер ең қаныпезер зұлымдардың бірі болып қала береді. 1945 жылы милитаристік фашистік Германия ақыры жеңілді. Бас нацистік қылмыскерлерге үкім шығарылғаннан кейін халықаралық әскери трибунал (Нюрнберг процессі) агрессияны халықаралық сипаттағы ең ауыр қылмыс деп таныды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағында: «Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс» деп жазылған. Сонымен, тіпті ҚР Қылмыстық кодексінің 161-бабына сай: «1. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады». Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының әсіре зұлымдық жасағандықтарына қарамастан, олардың басқыншылық «ерліктерін» дәріптеу, насихаттау қолданыстағы заңға қайшы, игілікке нұқсан келтіру және қоғамдағы бейбітсүйгіштікке жатпайды. Шыңғысханның билігі адамзат тарихындағы ең қатыгез болғаны белгілі: ол 40 миллионнан астам адамды жойып, жауларының көздері мен құлақтарына балқытылған қорғасын құйып, жеңістерін тірі қарсыластарының денелерінде атап өткен. Сонда қандықол жаулапалушы Шыңғысхан мен оның ұлдарының Гитлерден айырмашылығы неде? Көріп отырғаныңыздай, айырмашылығы жоқ. Бұл бұлтартпас айғақ. Егер Қазақстандағы халықтардың бір бөлігі жауыз Шыңғысханды, Жошы мен ізбасарларына табынса, сондай-ақ, олардың басқыншылық қылмыстық әрекеттерін дұрыс деп санаса, онда кез келген елдердің кез келген әділетсіз басып алу әскери әрекеттерін қолдау деп түсіну емес пе?! Негізгі Заңның 20-бабының 3-тармағында: «Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.» - деп көрсетілген. Шыңғыс- ханмен оның ұрпақтары бұрын-соңды болмаған қатыгездік пен басқа халықтарға шексіз зорлық-зомбылық жасаған (Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп,/Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп./Сол күнде қошеметші айтады екен,/Ханның ханы, патшаның патшасы деп». Абай. «Ескендір» поэмасы). Бұл зұлымдық сипаттағы дерек саналы азаматтардың бәріне түсінікті болуы керек. («Зұлымдықты жазаламайтын адам оның орындалуына ықпал етеді». Леонардо да Винчи). Сонымен қатар, Қазақстанда бұрыннан келе жатқан моңғол және жоңғар басқыншыларынан қалған "орда", "құрылтай", "хан" сөздері қлданылып келеді. Бұл сөздер, белгілі себептермен, қазақстандық орыстардың да, Ресей орыстарының да, қытайлықтардың да құлағына жағымсыз, оларды әрдайым тітіркендіретіні анық. Бұл жағымсыз кірме шетелдік сөздерді қолданудан бас тарту керек.
Қазақстан патриоттары Петропавловск, Павлодар және басқа қалалардың атауларын елімізде бұрынғы үстем құрған отаршылдық қорлаушылардың «көзтүрткі» белгілері ретінде өзгертуді ұсынады. Бұл қалалар орыс патшаларының атымен аталғаны белгілі. Ал «орыс поэзиясының күні», Ресейдің ұлы ақыны А. С. Пушкин «Еркіндік» одасында ызаға булығып былай деп жазды: ""Өз билігіне масаттанған зұлым!/ Сені тағың мен қоса жек көремін,/ Өзіңмен бірге ұрпағыңның өлімін/ Қатуыл қуанышыммен көремін"(Ескертпе - аударма нұсқасы автордікі). Өлеңнің мәні неде екені бәріне түсінікті: әділ және еркін сезімді ақын қатыгез патшаны, автократиялық билікті, дамудың соңында қалған патшалық Ресейді жек көрді. Бұл тірі патшаға қарсы батыл үндеуі үшін А.Пушкин біршама зардап та шекті. Кезінде патша билігіне «декабристер» қарсы болды, оған қоса Пугачев, Разин, халық сарбаздары және басқалар бүлік шығарды. Халық сарбаздары патшаларға бірнеше рет қастандық жасады. «Қызылдар» Ресей соңғы патшасы Николай екіншіні отбасымен бірге атып өлтірді. Осыларға қарамастан, тек Қазақстанда Ресей патшалары үлкен құрметке ие болғандығы таңқаларлық жайт. Әділдік қайда? Осыған байланысты, әділдікті біз алдыменен өзімізден бастауымыз керек. Мәселен, Қазақстанда 1925 жылы ескі Ақмешіт қаласы (Астанада бұл атаумен көше де бар) Қызылорда деп өзгертілді. Бұл атаудың негізі екі сөзден құралып тұр: «қызыл» (қызыл - қатыгез қызыл-большевиктердің билікке келуімен байланысты) және «орда» (моңғол тілінде - ставка, хан орныққан орын, мекені). Бұл ежелден келе жатқан келекелі жағдай. Қала атауында, түпкілікті мағынасына қарамастан, екі түрлі қатыгез дәуірлердің антагонизмі «үйлесімін» тауып тұр. Бұл дұрыс емес. Бұрынғы Ақмешіт қаласының атауын қайтаруға немесе оның атын Қорқыт - Ата деп өзгертуге ешкімнің дәті бармай ма? Ұят екен! Ал Қазақстандағы қазіргі кейбір қалалар атауларын өзгертсе қасиетті Атамекен (Отан) сөзімен тамаша үйлесімін табар еді, мысалы: Ақмол-Ата (қазіргі Астана), Әулие-Ата (қазіргі Тараз), Алма-Ата (қазіргі Алматы), Қорқыт-Ата (қазіргі Қызылорда). Бұл шаралардың ең елеулісі мен маңызы - елді-мекендердің ұсынылынғандай төл атаулары қазақтың ұшы-қиырсыз киелі Ұлы Даласының мызғымас беріктігі мен тарихи тұрақтылығын жаһанға паш етіп тұрғандығы. Қазақи мәңгілік бұзылмас, ешқашан бұрмаланбас атаулар деп осыларды айтуға болады.
Сонымен, қорытып айтар болсақ, қайырлы игілік пен айқын әдлеттілік үшін зұлымдық - жамандықпен күнделікті күресу майданында саналы азамат алдыңғы сапыда болуы абзал.
Нақыпбек Садуақастегі, заңгер-құқықтанушы, публицист
[xfvalue_img]