Нәзік жанды полиция майоры

Нәзік жанды полиция майоры

Бүгінде нәзік жандыларды полиция қызметінде көру ешкімге де таңсық емес. Нардың жүгін арқалаған бұрымдылар қазірде полиция қатарында қызмет етуде. Дәл сондай аруымыздың бірі Астана қаласы ПД ЖҚАЖ АМБ взводының командирі полиция майоры Айнагүл Байжігітова.

Айнагүл ішкі істер органдарында қызмет етіп келе жатқанына 15 жылдан асты. Жауапкершілігі мол қызметтегі кейіпкеріміз отбасында адал жар, мейірімді ана. Жұмыстан шаршап келгендеріне қарамастан, ол кешкі ас әзірлеп, отбасымен өткізген әр сағатты ерекше бағалайды. Ия, полициядағы қызмет тек ер адамға ғана жарасады десек те, статистикалық мәліметтің бүгінде мүлдем басқаша екенін көреміз.

Аруымыз қоян-қолтық ұрыстан «Спорт шебері». Баскетбол спорт түрінен І дәрежелі разряд иесі. Жуырда Дубай қаласында өткен жарыста ел намысын қорғаған қызметкерлеріміздің бірі. «Томирис» қыздар командасының командирі. Ел президенті атынан марапатқа ие болып, сөз сөйледі.

Нәзік және талдырмаш көрінетін қыз жұмыста - ең жауапты қызметкер.

Айнагүл отбасымен бірге атқа мініп таза ауада серуендегенді, бассейнге, шаңғы тебуге барғанды ұнатады.

Ерге тән бұл мамандықты таңдауға кез келген арудың батылы жетіп, жүрегі дауалай бермейтіні де рас. Таңдаған мамандығына табандылық пен адалдық танытқан адам өз мамандығының жемісін көруіне болады.

«Қыз бала қаншалықты жүрегі нұрлы, жаны сәулелі болса, санасы пайдалы білімге толы болса, ол қыздың соншалықты қоғамға да, адамзатқа да келтірер пайдасы мол» екені белгілі. Иә, расында да қыз баланың мойнына артылған жүгі ауыр. Дегенмен,  өзінің нәзіктігімен, аруға тән көркем мінезімен барша әлемге жарық нұр сыйлайды. Әлемге шуақ болатын барша әйелдер қауымын төл мерекесінде ғана емес, жаратқанның әр күнінде сый-құрметке бөлеп, бақыт құшағағында тербеп, жылы лебізімізді әркез арнай жүрейік.

Астана қ. ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.