Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкері ашық чемпионатта қоян-қолтық күрестен Азия чемпионы атанып, алтын медаль иеленді.
Ағымдағы жылдың 5-7 шілдесінде Қырғызстан Респуликасының Чолпон-Ата қаласында қоян-қолтық күрестен «HSIF» ашық Азия Чемпионаты өтті.
Турнирге әртүрлі елден келген 12 командадан тұратын 128 спортшы қатысты.
Чемпионатта Қазақстан Республикасы құрама командасының қатарында елордалық полиция департаментінің қызметкері полиция капитаны Нұртас Жұмағазы да болып, 90 келі салмақтағы спортшылар арасында күш байқасты.
Нұртас Жұмағазы жеке есепте алтын медель иеленіп, қоян-қолтық күрестен халықаралық кластағы спорт шебері атанды.
Сонымен қатар елордалық полиция қызметкері самбо, кудо, дайдо джуку кудо, панкратион сияқты бірнеше спорт түрінен шебер, грек-рим күресінен спорт кандидаты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы жүлделі бірінші орынды иеленді.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]