«Егемен ел тарихындағы айтулы күндер»

«Егемен ел тарихындағы айтулы күндер»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа жылдың басталуымен құттықтай отыра, 2025 жылы халқымыз үшін айтулы күндер - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы салтанатты түрде тойланатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың қарсаңында елде түрлі мәдени және саяси іс-шаралар мен форумдардың ұйымдастырылуы жоспарланып отыр.

1995 жылы 30 тамызда яғни осыдан 30 жыл бұрын Конституциялық референдум өткізіліп, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған болатын. Конституцияны әзірлеу және қабылдау Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу жолындағы шешуші сәттердің біріне айналды. Ата-Заңымыздың қабылдануы қоғамның барлық саласында тура жол сілтеп, кемел­денудің алтын арқауына жол ашты.

Қазақ жерінде тұрып жатқан әр­түрлі ұлт өкілдерінің этностық, діни және өзге де сипатына, әлеуметтік тегіне қарамастан, барлығының тең жағдайда өмір сүруі туралы қағида Конституциямыздың негізгі тірегі екені мәлім.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық татулықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал ететін ұйым. Аталмыш ұйым тұңғыш президентіміздің бастамасымен 1995 жылы 1 наурызда құрылып, елдегі түрлі этностар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын, бірлігін нығайтуға бағытталды. 2016 жылдан бастап бұл күн мереке ретінде танылып, «Алғыс айту» күні деп аталды.

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Этносаралық қатынастар аясында республика аумағында жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен ұштасқан жаңа жүйе қалыптасты.

Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға негізделген Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Тәуелсіз Қазақстанда халқымыз үшін маңызды мемлекеттік қағидаттарының қатарында әр этностың өзіндік ерекшелігін, мәдениеті мен тілдерін дамыту және нығайту арқылы халықтың бірлігіне әрқашан үлкен мән беріледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының көптеген өкілдері ортақ Отанымыздың мүддесі үшін, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, қазақстандықтардың лайықты өскелең ұрпағын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуі тиіс.

Жаңа ақпараттық технологиялар ғасырында ұлттық құндылықтарымызды сауатты деңгейде дәріптеуге, Орталық Азия қауымдастығының артықшылықтарын қолжетімді түрде түсіндіріп, жеткілікті дәрежеде насихаттауға және мәдени өзара іс-қимылдың жаңа тәсілдері мен жолдарын табуға басты назарымызды аудару қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этномәдени бірлестіктермен және құрылымдармен жұмыс жасау арқылы қазақстандық қоғамдағы азаматтық бірегейлікті дамытуға үлкен үлес қосуда.  Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім этномәдени бірлестіктері өкілдерінің маңызды міндеті - Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін қарқынды түрде жандандыру, егемендігіміздің даңқын асқақтап, жарқын болашаққа қадам жасау болып табылады.

Нажия Калишева

Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің заң ғылымдарының докторы, мемлекет және  құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті

 

Диана Серікқанова

Астана қалалық соты, баспасөз қызметі бөлімінің бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.