Конституция – адам құқықтары мен бостандықтарының сотта қорғалуының негізгі кепілі

Конституция – адам құқықтары мен бостандықтарының сотта қорғалуының негізгі кепілі

         Тәуелсіз еліміздің негізгі заңы ретінде 1995 жылдың 30 тамызында халқымыз талғам талқысынан өткен басты құжат – төл Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындау нәтижесінде қазірдің өзінде мызғымас құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігіміз тұғырланып келеді.

         Бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті қазақ жерінде салған сара жолмен келе жатырған аға өкіл мен ел ертеңін жалғастырар болашақ ұрпақ бүгінде Конституциямыздың қасиетті  қағидаларын тәуелсіздігімізге тәубе етіп ұстануда.  

           Өткен күнде белгі болмаса да, тарих қойнауына кеткен сол жылдардағы Конституциямыздың қалай өз мәртебесін алғанына көз жүгіртіп көрсек.

          Қолданыстағы Конституциямыз өз мәртебесін алғанға дейін Қазақ халқының тарихындағы алғашқы Конституция 18 ақпан 1926 жылы Қазақ АССР Орталық атқару комитетімен қабылданған Конституция еді. Бұл кезде Қазақстан РСФСР құрамында болатын. Аталған Конституция басқару нысанын, мемлекеттік құрылымды, саяси режимді, мемлекеттік билік құрылымын, атқарушы-тәртіптік органдардың нысанын бекітті.

          Қазақ халқының тарихындағы екінші Конституция Қазақ ССР оныншы барлық қазақ съезд кеңесінде 26 наурыз 1937 жылы қабылданған. Аталған Конституция 11 тармақтан, 125 баптан құралды. 1937 жылғы Конституцияда мемлекеттік билік тармақтарымен бірге азамат құқықтары мен міндеттерінің ішінде еңбек ету, демалу, кәрілікте, ауырған және еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда материалды қолдау алу, денсаулықты қорғау сияқты т.б. негізгі құқықтар қорғалды.     

          Тарихымыздағы үшінші Конституциясы Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесінің 9 –шақырылымында  кезектен тыс жетінші сессиясында 20 сәуір 1978 жылы қабылданды. Аталған конституцияға сәйкес барлық билік халыққа тиесілі болды.  90 –жылдардың басында аталған Конституцияға азаматтар мен құқытары мен бостандықтарын қорғау туралы заңдармен өзгерістер көп енгізілді.    

          Төртінші Конституция- Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы рет 28 қаңтар 1993 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессияның 12 шақырылымында қабылданды. Аталған Конституция халық егемендігі, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидалары, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органын Жоғарғы, Конституциялық, Жоғары Арбитражды соттар деп бөлу туралы және өзгеде де негіздерді қамтыды.  

         Бүгінде 28 жылдығын атап өткелі отырған 30 тамыз 1995 жылы қабылданған бесінші Конституция - ҚР-сы Конституциясы тарихтан алтын әріппен орын алып отыр.

          Конституцияның 3 бабының 1 бөлігіне  сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық деп танылған.  

           Қазақ халқының қолдауын алып жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған Конституцияға 9 рет елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

         Аталған өзгерістер мен толықтыруларды жас мемлекетіміздің толыққанды нығаюына бағытталған шаралар деп түсіну қажет.

         Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабының талабына сай,  Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады. 

        Осы негізде мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігіне халықпен етене араласу, бұзылған құқықтарын сот арқылы қалпына келтіру жүктелген.

       Конституциядағы елеулі өзгеріс өлім жазасын мүлде жойып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мызғымас бағыт берді. Осы негізде республика соттарында халықтың сотпен қорғалатын құқықтарын ашық жүргізуге басты назарға алынған жұмыстар, соның ішінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге бағытталған, елеулі шаралар атқарылып отыр.   

          Конституциялық қағида Республикамыздағы 140-тан астам ұлт өкілдері мен 46 діни қауымдастықтың тату тәтті өмір сүріп, өзіндік қорғалуына, тілі мен дініне, ұлты мен жынысына өзге де белгілеріне қарап, кемсітушілік танытпау негізде өз жұмысын жүргізіп келеді. Осы негізде еліміз тыныштықта, ынтымағымыз жарасқан, ақжүрек жұртымыз қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналып отыр.

        Аталған Конституциямыздың өміршеңдігі басым, еліміз тыныш, халқымыз бейбіт өмірде болсын!  

 Астана қаласының қылмыстық істер

 жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Элизавета Атчибаева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив