Әр кадрдағы сиқыр: эксклюзивті шарада жаңа Canon жабдығына жүргізілген тест-драйв
23 қарашада Canon компаниясы Sham School 150-де кәсіби мамандар мен энтузиастарды жинап, фото, бейне және баспа техникасы саласындағы озық технологиялар мен жаңалықтарды ұсынды. Іс-шара фотографтардың, операторлардың, инфлюенсерлердің, видеографтардың, режиссерлердің, продакшн-компаниялардың өкілдерінің, бизнес басқарушылардың басын қосты.
Іс-шара қонақтары техниканы шынай өмірдегі түсірілімге ұқсас жағдайда сынап көре алды. Брейк-дансерлер, көркем гимнастар өнер көрсеткен арнайы алаңдар жабдықты сынап көруге мүмкіндік беріп, қонақтар жоғары динамика жағдайында түстердің берілуіне, фокусқа, айқындылыққа өз бағасын берді. Кәсіби жарықпен, музыка сүйемелдеуімен жүргізілген түсірілім қатысушыларға Canon техникасының бар қабілетін жан-жақты көруге көмектесті.
Әсіресе влоггинг аймағы ерекше қызықты болды, онда контент жасаушылар жаңадан бастаушылар мен энтузиастарға арналған камераларды, сондай-ақ камералар мен лездік басып шығару принтерлерін қолданып көрді. Zoemini S2, QX10 және CP1500 сияқты ықшам Canon өнімдері күнделікті жұмысында ыңғайлылықты, оңай тасымалдауды бағалайтындардың қызығушылығын тудырды.
Тест-драйв аймағы озық техниканы жаны сүйетіндерді біріктіріп, жаңа Canon өнімдерін ұсынды, соның ішінде:
EOS R1 — тоғыспалы автофокусының, секундына 40 кадр және 96 МП дейін ұлғайту мүмкіндігімен 24,2 мегапиксель ажыратымдылықпен түсірілім жүргізуге мүмкіндік беретін дыбыссыз электронды ысырмасымен спорт және жаңалықтар фотографтары үшін тамаша таңдау. Камераның шуды басу технологиялары, берік корпусы небір қиын жағдайда да тамаша нәтиже береді.
EOS R5 Mark II — артқы жағынан жарықтандырылатын 45 мегапиксельді сенсоры бар, секундына 30 кадр және 180 мегапиксельге дейінгі кеңейтілген масштабтаумен түсірілім жүргізуге мүмкіндік беретін креативті сторителлерлерге арналған қуатты гибридті камера. Берік қаңқасы, ажыратымдылығы жоғары бейне түсіру мүмкіндіктері оны әртүрлі мақсатта қолдану үшін әмбебап құрал етеді.
EOS C400 — толық кадрлы BSI 6K датчигі бар, 12 биттік Cinema RAW Light форматында жазба жүргізе алатын, кино өндірісіне және трансляция жасауға арналған кәсіби камера. Көптеген ұяшықтары, жарық аз кезде түсіру мүмкіндігі оны күрделі жобалар үшін таптырмас құрал етеді.
Canon сарапшысы Жан Мазель компанияның соңғы технологиялық әзірлемелері туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, ұсынылған жабдықтың бірегей артықшылықтарын атап өтті. Атақты қазақстандық режиссер Қуаныш Бейсек өзінің кәсіби кеңестерімен және Canon өнімдерімен жұмыс жасаудағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, олардың көрнекті киножобалар жасаудағы рөліне ерекше тоқталды. Іс-шараның қонақтары арасында белгілі инфлюенсерлер де болды: Қуаныш Бейсек, Виктор Магдеев, Аскара Бумага және Дмитрий Доценко, соның арқасында шара тіптен жандана түсіп, белсенді пікір алмасуға ықпал етті.
«Бүгінгі тест-драйв әрбір эмоцияны мүлт жібремейтін инновациялық камераларымыз бен принтерлерімізді сынап көру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар идеяларды өнерге айналдыратын технологияның сиқырын көру мүмкіндігі. Әрбір Canon өнімі — біздің шығармашылық күшіне деген сеніміміздің жемісі. Әрбір фотосурет — енді ешқашан қайталанбайтын сәт. Canon сондай сәттерді ең жарқын, ең айқын, ең эмоциялық пішінде сақтауға мүмкіндік беретін технологиялар жасайды. Біз мұнда сіздерге жаңа мүмкіндіктерді көрсету үшін ғана емес, сонымен бірге мәңгілікке сақталатын хикаялар қатарын көбейтуге шабыттандыру үшін жүрміз. Біз технологиялар шығармашылықтың құралы болуы керек деп сенеміз, бүгін қонақтардың Canon-мен бірге мүмкіндіктер әлеміне саяхаттағанына өте қуаныштымыз», — деді Жан Мазель, Canon CEE продакт менеджмент бөлімшесі басшысы.
Іс-шара қарым-қатынас жасау, тәжірибе алмасу және шабыт жинау үшін бірегей алаңға айналып, Canon-ның фото және бейне индустрия көшбасшысы ретіндегі беделін растады.
Айта кету керек, Canon компаниясы Қазақстанда «Көзге көрінбес әлем» көрмесін өткізіп жатыр, ол — көру қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған бірегей бедерлі фотосуреттер көрмесі. Көрмеде танымал фотографтардың жұмыстары бедерлі суреттердің, дыбыстық сипаттамалардың, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі Брайль қарпіндегі мәтіндердің сүйемелдеуімен ұсынылған. Көрме жай ғана мәдени шара емес, сонымен қатар инклюзивтілік, заманауи инновациялар мен технологиялар өнерді барлық адамдарға қалай қолжетімді етуге көмектесетінін түсіну бағытында бет алған маңызды қадам.
Қазір фотокөрме Астана қаласындағы ÓzgeEpic креативтік хабында (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 12а, 2-қабат) өтіп жатыр, 2024 жылдың 9 желтоқсанына дейін күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін ашық.
Астанадағы көрме аяқталған соң, бүкіл көрме Түркістан қаласында 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 31 қаңтары аралығында OzgeEpic Түркістан кеңістігінде 160 орам 252а (Қазпошта ғимараты, 3-қабат) мекен-жайында көрсетіледі. Одан әрі көрме Орал қаласында өтуі мүмкін, содан кейін көрменің бір бөлігі тұрақты негізде Алматы қ. Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының бас ғимаратында (Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1 үй) орналастырылады.
Көрме сайты: НЕВИДИМЫЙ МИР/ КӨЗГЕ КӨРІНБЕС ӘЛЕМ - Canon Kazakhstan
[xfvalue_img]