Canon және Visa pour l'Image ұзақ мерзімді серіктестігіне 35 жыл толды

Canon және Visa pour l'Image ұзақ мерзімді серіктестігіне 35 жыл толды

Биыл қыркүйекте Visa pour l'Image халықаралық фотожурналистика фестивалімен ұзақ мерзімді серіктестігі аясында Canon 35-ші жыл қатарынан фотожурналистердің жұмысына қолдау көрсетеді. Францияның оңтүстігіндегі Перпиньян қаласында өтетін Кәсіпқой мамандар апталығы кезінде (2-7 қыркүйек) Canon екі жобалық грант тағайындау және 25 жас талантқа өзінің Студенттерді дамыту бағдарламасы аясында фестивальге қатысу мүмкіндігін беру арқылы деректі көркем шығарма өнеріне айнымас ізгі құрметін көрсетеді.

Фотожурналистикаға қосқан көрнекті үлес үшін Canon екі грант тағайындайды

Осымен 24-ші жыл қатарынан Canon және Visa pour l'Image ұзақ мерзімді деректі жобаны жүзеге асырып жатқан әйел фотожурналистке 8 000 еуро көлемінде грант табыстайын деп отыр. Биыл CNN Digital, FOAM журналы және т.б. басылымдардың журналистері мен редакторларынан құралған қазылар алқасы голландиялық фотожурналист Синтия Боллды «Қайта көтерілетін шаңырақ: Индонезия астанасын көшіру» жобасы үшін әйелдер фотожурналистерге арналған Canon грантымен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Жер асты суларын тереңдікте өндіруге байланысты Индонезия астанасы жылына 20 сантиметрге дейін жылдам шөгіп бара жатыр. Күн санап артып жатқан 10 миллион халқы бар ел билігі Индонезия астанасын Джакартадан дамып келе жатқан Ибу Кота Нусантара қаласына көшіру туралы шешім қабылдады – салдары ұшан-теңіз ғаламат іс екені айдан анық. Гранттың қолдауымен Синтия жаңа қаладағы күнделікті өмірді оның алғашқы тұрғындарының көзімен көрсете алады деп үміттенеді.

Қайта көтерілетін шаңырақ: Индонезия астанасын көшіру | Фото: Синтия Болл

Сондай-ақ Visa pour l'Image фестивалімен бірлесе отырып, Canon лондондық режиссер Алан Лауға «Гордий түйіні» атты қысқа деректі жобасы үшін видеография саласындағы 5-ші Canon грантын қуана табыстайды, аталмыш жоба өмірі қыл үстінде тұрған жас непалдық жануарды, соған қатысты дамушы аймақтағы үкіметтің, діннің және экономикалық қысымның ықпалын көрсетеді.

Фотожурналистердің келесі буынына жол ашу

Canon жас таланттарды қолдауға және тәрбиелеуге ұмтылады, сондықтан өзінің атақты Студенттерді даму бағдарламасы сегізінші жыл қатарынан Еуропаның, Таяу Шығыстың және Африканың түкпір-түкпірінен келген фотографтарға арқылы дағдылары мен мансаптарын дамыту үшін бірегей мүмкіндік береді. 25 дарынды фотограф-студент бес күндік беделді семинарға қатысып, қажетті байланыстар орната алады, топтық және жеке портфолиоға шолу дәрістері, сарамандық семинарлар, лекциялар арқылы атақты мамандардан тәлім ала алады.

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан тұрғындары Студенттерді дамыту бағдарламасына белсенді қатысады. Жыл сайын екі елдің тұрғындары студенттердің шығармашылық қабілеттерін және мансаптық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған байқауға қатыса алады. Жас дарындарға өз жұмыстарын халықаралық сахнада көрсетуге бірегей мүмкіндік беріледі. Өзекті жаңалықтарды және қатысу туралы толығырақ мәліметтерді барлық маңызды жаңалықтар мен хабарландырулар тұрақты түрде жарияланып тұратын Қазақстандағы әлеуметтік желілердегі Canon ресми парақшаларынан табуға болады.

Биылғы спикерлер мен рецензенттер қатарына Canon амбассадорлары Лаура Эль-Тантави (британдық-египеттік деректі фотограф), Элиза Л. Ианнаконе (оператор және журналист), Марко Лонгари (Африкадағы бас AFP фотографы), Илви Ньокиктьен (VII Photo Agency фотоагенттігінің мүшесі), Брент Стиртон (Getty Images аға тілшісі және National Geographic зерттеушісі) және Паоло Верзоне (Agence VU мүшесі) кірді. Сондай-ақ Томас Борберг (Politiken фотографы), Фабиола Ферреро (фотожурналист және World Press Photo жеңімпазы), Элиза Медде (Foam журналының кураторы/бұрынғы бас редакторы), Массимо Николачи (режиссер, оператор және National Geographic қызметкері) және Фиона Шилдс (The Guardian газетінің фотосурет бөлімі жетекшісі) сияқты сала мамандары да қатысады. 

Семинарлардан кейін студенттер фестивальдің көрме алаңында өнер өкілдерінің өздері ұйымдастыратын экскурсияларға қатысуға мүмкіндік алады. Әйел фотожурналистерге арналған Canon грантының 2023 жылғы жеңімпазы Анастасия Тейлор-Линд Украинаның шығысындағы Донбасс аймағындағы майдан шебіне жақын тұратын елді мекендердегі өмір туралы «Майдан шебінен 5 км» атты грант жеңіп алған жұмысын көрсетеді.

Visa pour l'Image фестиваліндегі Canon алаңы

Перпиньян қаладағы Конгрес сарайындағы штаб-пәтерде Canon келушілерді компанияның жаңа шыққан камераларымен, объективтерімен және принтерлерімен, соның ішінде көптен күткен EOS R1 және EOS R5 Mark II өнімдерімен танысуға шақыратын арнайы өнім көрсету аймағын орналастырады.

Басып шығару технологияларының эмоциялық ықпалын және өмірді байыту мүмкіндігін зерттей отырып, қонақтар Canon Корольдік зағиптар институтымен (RNIB) бірлескен «Көзге көрінбес әлем» бастамасы туралы көбірек біле алады, аталмыш бастама көру қабілетінен айырылған адамдарға көзбен көретін әлеммен өзара жақсырақ әрекеттестуге мүмкіндік береді, сонымен бірге көзі көретін адамдарды кесіндерді зағиптардың көздері арқылы көруге шақырады.

Аккредиттелген фотографтар Canon ұсынған соңғы көркем басып шығару технологияларының көмегімен өз портфолиосындағы суреттерді басып шығара алады және сыйлық ретінде Canon Professional Services (CPS) тәжірибелі техникалық мамандарынан тегін тексеру және тазалау қызметін ала алады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив