Республикалық ауыл әйелдерінің форумы Астанада 200 делегаттың басын қосты

Республикалық ауыл әйелдерінің форумы Астанада 200 делегаттың басын қосты

15 қарашада Астанада Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 200-ден астам ауыл әйелдері көшбасшыларын, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинаған 7-ші Республикалық Ауыл әйелдері Форумы өтті. Іс-шара барысында ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы, әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігі мәселелері талқыланып, гранттық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Форумға мемлекеттік органдардың жетекші өкілдері, оның ішінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қатысып, делегаттармен ашық диалог жүргізді. Форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауылдық жерлерде «жасыл» технологияларды енгізу және қаржылық қолдау мәселелері сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.

- Мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдардың ынталы диалогының арқасында бүгінгі күні ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдауға бағытталған көптеген перспективалық жобалар іске асырылуда. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану маңызды. Осы жерде Форумның оң рөлі ерекше. Форум барысында қалыптасқан идеялар мен бастамалар қатысушыларды жаңа шешімдермен байытып, ауылдағы бірлескен жұмыстардың түрлі бағыттарын нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін, - деп пікір білдірді Қазақстан ауыл әйелдері Форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің IV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина.

Ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдау құралдарының арасында Қазақстанда 12 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан және еліміздің әртүрлі өңірлерінен 110 000-нан астам әйелдерге бизнес негіздерін тегін оқытқан Belesteri немесе «Өсу сатылары» атты әлеуметтік жоба ерекше аталады. Бұл жоба арқылы https://ccb.kz білім алған 7 500-ден астам шағын бизнес құрылып, еліміздің барлық өңірлерінде 10 000-нан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында «жасыл» технологияларды қолдана отырып, жеке қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыруға арналған оқыту курстары ұсынылуда, ол https://farmerschool.kz платформасы арқылы жүзеге асырылады.

– Belesteri жобасы Қазақстан бойынша әйелдердің экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған, ал Ауыл әйелдері форумы – мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды алаң, – деп атап өтті «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго. Олардың бірі – жастарды өнімді еңбекке тарту. Осы мақсатта биыл алғаш рет жастар үшін жаңа білім беру бағдарламасы ұсынылды https://ccb.kz/orken,  сондай-ақ жас жеңімпаздарға конкурс аясында бастауыш қаржылық қолдау ретінде 10 грант бөлінді.

Жоба ең үздік бизнес-идея бойынша бірдей аталған байқаудың жеңімпаздарына қаржылық қолдау көрсетеді. 2012 жылдан бері 150 әйел өз ісін ашу үшін грант алған. Биыл https://ccb.kz жобасында 30 грант қарастырылған, ал өткен жылдары бұл көрсеткіш 20 болған. Форумда алғашқы 14 грант табысталды, қалған 16 грант екінші кезеңнің жеңімпаздарына, байқау қаңтар айында аяқталған соң беріледі.

Форум гранттық байқаудың жеңімпаздарының өнімдерінің көрмесімен қатар өтті. Қатысушылардың арасында мал шаруашылығы өнімдері, ұлттық дәстүрлерде жасалған киімдер мен текстиль кеңінен ұсынылды. Мысалы, тігін өндірістері Құрақ көрпе секілді классикалық бұйымдардан бөлек, ұлттық ою-өрнекпен безендірілген зығыр матадан жасалған киімдер, көшпелілердің этно үлгілері бойынша пастила, ірімшіктен чизкейк торттарын дайындау, балалар мен ересектерге ұлттық нақашта қыш бұйымдарын жасау бойынша курстар ұсынылды.

Форум мен жобаның ұйымдастырушылары – «Жасыл экономикана қолдау және G-Global-ды дамыту Коалиция» заңды тұлғалар бірлестігі және «Әлеуметтік Динамика» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Форумға және «Өсу сатылары» жобасына қаржылық қолдауды The Coca-Cola Foundation қайырымдылық қоры көрсетеді.

Форум және жоба туралы қосымша ақпараттарды https://ccb.kz/forums сілтемесі арқылы таныса аласыз.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Roland Hollister 1 декабря 2024 12:58

    Browsing your website made me feel like I was at the unveiling of the latest Tesla model! If you ever wanted a new job, I bet HP’s CEO Enrique Lores would be thrilled to have you. Thanks for the chance to provide feedback!

    Get the latest updates by checking out my site :: <a href=http://nopm.cc/>Export of Copper scrap</a>

    Until we meet again, and may your soul be nourished

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.