VK Cloud елордада митап өткізіп, Astana Hub резидентіне 10 млн теңге бөлді
26 қыркүйекте Қазақстандағы ең ірі ІТ-хаб Astana Hub аумағында VK Cloud және Rocket Tech митапы өтті. Басты оқиға VK Cloud бұлттық ресурстарын пайдалану үшін 10 миллион теңге көлеміндегі грантты табыстау болды.
Бүкіл қыркүйек айы бойы MVP кезеңінен бастап стартаптарға дейін жетіп, нарыққа шығып үлгерген әртүрлі көлемдегі және ауқымдағы командалар мен жобалар стартап питчингіне қатысуға өтініш берді.
Ұйымдастырушылар Astana Hub-тың 3 стартап-резидентін таңдады, олар IT-митап қатысушыларына өз идеяларын таныстырды. Іс-шара 100-ден астам IT-кәсіпкерлердің, әзірлеушілердің және инженерлердің басын қосты.
«Rocket Tech және Astana Hub технопаркіндегі әріптестермен бірлесіп өткізіп жатқан іс-шара Қазақстанның IT қауымдастығымен көп жылғы тәжірибемізбен бөлісуге мүмкіндік берді. Бұл біз үшін ерекше трек. VK Cloud компаниясында біз елдегі IT-сервистерді дамытуға белсенді атсалысуға тырысамыз. Бұлттық ресурстарға грант ұсына отырып, біз жаңа технологиялық өнімдерді әзірлеуге және дамытуға инвестиция саламыз деп үміттенеміз», - деді Дмитрий Лазаренко, VK Cloud өнімі директоры және VK Tech компаниясының SaaS бизнес-сегменті жетекшісі.
Митап барысында жетекші сала мамандары өз өнімдерін жасау, market fit іздеу және ML көмегімен жоғары сапалы техқолдауды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Бұрын гранттар алған VK Cloud клиенттері бұлттық технологияларды пайдалану тәжірибесі туралы айтып берді. Ал Қазақстан мен Ресейдің үздік IT мамандарымен нетворкинг жақсы бонус болды.
«Бүгінде Astana Hub-та 1500-ден астам қатысушы бар, олардың ішінде 400-ден астамы шетелдіктердің үлесі бар компаниялар. Олардың барлығы бизнесті дамыту және оның ауқымын кеңейту бағдарламалары, материалдық инфрақұрылым, ақпараттық-оқыту жағынан қолдау көрсету және нетворкинг түрінде жан-жақты қолдау алады. Біздің мақсатымыз – 2026 жылға қарай құны 1 миллиард доллар болатын қазақстандық инновацияларды экспорттау. Мұндай іс-шараларды өткізу Қазақстанның цифрлық дамуында маңызды рөл атқарады, тәжірибе алмасуға, нетворкингке және озық тәжірибені талқылауға тамаша мүмкіндіктер береді», - деді Дания Ахметова, Astana Hub басқарушы директоры.
Қазылар алқасы ретінде VK Cloud, Rocket Tech және спикерлер түйген қорытынды бойынша грантқа ие болған жеңімпаз анықталды. Ол Uneet жобасының тең құрылтайшысы, астаналық Фатима Лазарева болды. Ол өз командасымен бірге жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ұялы және веб-қолданбалар арқылы HR сервистеріне қол жеткізе алатын өндірістік қызметкерлерге арналған платформа жасап шығарды.
«Біздің өнімімізге жоғары баға берген қазылар алқасына және VK Cloud компаниясына алғысымыз шексіз. Біз қазір жергілікті платформаны пайдаланып жатырмыз, бірақ анағұрлым технологиялық стекте әзірлемелер дайындаумен айналысқымыз келеді, сондықтан осы гранттың көмегі көп болады. Өндірістік компаниялардың кем дегенде 5% біздің софтты пайдаланатындай етіп өнімімізді бүкіл елге таратқымыз келеді», - деді Фатима Лазарева.
Анықтама:
VK Cloud — кез келген көлемдегі компания үшін деректерді тиімді әзірлеуге және жұмыс істеуге арналған бұлттық сервистердің және бағдарламалық жасақтамалардың кең ауқымы бар платформа. VK Cloud VK Tech шешімдер портфелінің құрамына кіреді және ашық кодты интернет-сервистер мен технологияларды дамытудағы көп жылдық тәжірибесіне сүйенеді. VK Cloud өнімдері арасында инфрақұрылымдық және платформалық бұлттық қызметтер, сондай-ақ Private Cloud қондырғысы және софт ретінде Public Cloud-та қолжетімді Dev Platform сияқты кешенді шешімдер бар. Компанияның клиенттері: Битрикс 24, Газпромнефть, Росатом және басқа да өз салаларының ірі ойыншылары.
Astana Hub — Орталық Азиядағы ең ірі технопарк, оның қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға және дамытуға, ІТ мамандарын даярлауға және стартап жобаларды қолдауға бағытталған.
Rocket Tech — It Revinvention Partner. Алдыңғы қатарлы қаржы технологияларын және цифрлық өнімдерді зерттеумен, жобалаумен және дамытумен айналысады.
[xfvalue_img]