Елорда аумағында полицияны шұғыл шақыруға арналған SOS дабыл батырмалары жұмыс істейді
Бүгінгі күні көшелерде, саябақтар мен скверлерде ұялы байланыс болмаған жағдайда полицияны шұғыл шақыру мүмкіндігі үшін 33 арнайы құрылғы орнатылған.
"SOS дабыл батырмасы" қиын жағдайларға тап болған азаматтар арасында сұранысқа ие бола бастады. Ағымдағы жылдың басынан бастап SOS батырмасына 39 қоңырау түсті, оның ішінде ұрлық, тонау, әкімшілік құқық бұзушылық, ЖКО және т. б. фактілер бойынша.
Демалыс орындарында және адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылған құрылғылар өзін қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алудың тиімді құралы ретінде көрсетті. Сонымен, кешкі уақытта 37 жастағы әйел SOS батырмасы арқылы хабарласып, полициядан көмек сұрады. Бұл жерге жақын маңдағы полиция жасағы жіберіліп, отбасылық жанжал туындағанын анықтады. Жанжалқойға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]