СҚО-да білім алып жүрген жастарға полицияның қылмыспен күрестегі цифрлық жүйелері көрсетілді

СҚО-да білім алып жүрген жастарға полицияның қылмыспен күрестегі цифрлық жүйелері көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамындағы ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкерлері білім алып жүрген жастарға ішкі істер органдарының қажетті құралдармен жабдықталуын және цифрлық мүмкіншіліктерін көрсетті.

Жедел басқару орталығы – қалалық полицияның күні-түні тоқтаусыз жұмыс істейтін бөлінісі. Облыстық әкімдіктегі цифрландыру басқармасының өкілдері, гуманитарлық-техникалық және кәсіптік-педагогикалық колледждердің оқушылары мен оқытушылары экскурсия шеңберінде  орталықта болып қайтты.

Полицияның бейнебақылау камераларының қойылған жерлері, кеудеге тағылатын бейнетіркегіштердің ерекшеліктері, патрульдік автомашиналардың көшелерде орналасуының онлайн схемасы, SOS батырмалары бар көше кешендерінің мүмкіндіктері, ІІМ-нің «102» мобильдік қосымшасы. Полицияның осы және қылмыспен күрестегі, құқық бұзушылықтарды тіркеу,олардың алдын алудағы тағы да басқа техникалық мүмкіншіліктері жайлы байланыс басқармасының офицерлері егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Болашақ автомеханиктер мен құрылысшылар полициямен кез келген уақытта байланысуға және аудио, видео файлдар жіберуге болатын «102» мобильдік қосымшасымен танысты. Бұл жүйе арқылы полицияға қызметке орналасуға қатысты да кеңестер алуға болады.

«Цифрландыру ІІМ-нің басым бағыттарының бірі, - дейді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов. — Солтүстікқазақстандық полиция бөліністерінде Ашық есік күндері, экскурсиялар үнемі өткізіліп тұрады, оның барысында ақпараттық-түсіндіру және кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан қалалық полицияның жедел басқару орталығына «102» қосымшасы арқылы 157 бейне және мәтіндік өтініш келіп түсті, оның 120-сы бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған дейін облыс орталығында 7 «SOS» дабыл түймесі орнатылған болатын. Криминогендік жағдайды ескере отырып, тағы 4 шұғыл шақыру батырмасын орнату орындары анықталды. Осы байланыс арнасы арқылы полицияға 14 қоңырау түсіп, 7 факті бойынша материалдар жиналып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ мектептердің бейнебақылау жүйелерін жедел басқару орталығының ведомстволық желісіне және полиция бөліністерінің кезекші бөлімдеріне қосу жұмыстары да жалғасуда. Биыл 277 білім беру нысаны қосылды, оның ішінде 210 мектеп, 50 балабақша, 16 колледж және 1 жоғарғы оқу орны бар».

«Жаппай бейнебақылау» бағдарламасы аясында СҚО полиция департаментінде 1261 ішкі бейнебақылау камерасы орнатылды. Камералар ПД-ның барлық бөлмелерінде, кабинеттерінде, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүргізілетін кабинеттерде де орнатылған. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив