Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай, қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңкеде ведомство мамандары дайындаған кондитерлік өнімдер, қолөнер бұйымдары, сусындар, балалардың дамуына арналған ойыншықтар мен кәдесыйлар ұсынылды. Сапалы өнімдерді қолайлы бағамен сатып алғысы келетіндер де өте көп болды.
«Біздің департаментте жұмыс уақытынан кейін әртүрлі хоббимен айналысатын талантты адамдар өте көп. Бұл қолөнер бұйымдары, пирогтар мен торттар пісіру, суреттер салу және т.б. Әріптестерімізге олардың жасалған туындыларын таныстыру үшін, сондай-ақ біздің мерейтойымыз қарсаңында игі іс жасау мақсатында, жәрмеңке ұйымдастырылды. Біз осындай қайырымдылық акцияларын жиі өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Талғат Байсын.
Сонымен қатар, қайырымдылық акциясына қызметкерлерден музыкалық композициялармен безендірген шағын концерт ұйымдастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша үш жүз мың теңге жиналды. Түскен қаражат мұқтаж адамдарға көмекке бағытталады.
[xfvalue_img]