Бес облыстың МКД қызметкерлері арасында Спартакиада өтті
Ақтау қаласында мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері арасында спартакиада өтті.
Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, патриотизм мен рухани өсуді арттыру, ұжым мен қызметкерлерді біріктіру болып табылады. Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Талғат Байсын құттықтау құттықтау сөзімен ашты.
Спартакиадаға 150-ге жуық қызметкер спорттың төрт түрі бойынша қатысты: шағын футбол, волейбол, шахмат, киберспорт (Counter-Strike және DOTA).
- футболдан бірінші орынды Маңғыстау облысы бойынша МКД командасы, екінші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы, үшінші орынды Қостанай облысының командасы иеленді;
- волейболдан бірінші орынды Атырау облысы бойынша МКД командасы, екінші орынды Ақтөбе облысының командасы, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы иеленді;
- шахмат бойынша бірінші орынды Қостанай облысы бойынша МКД командасы, екінші орынды Маңғыстау облысының командасы, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы иеленді;
- киберспорт бойынша DOTA ойынында бірінші орынды Маңғыстау облысы бойынша МКД командасы, екінші орынды Қостанай облысының командасы, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы иеленді;
- киберспорт бойынша Counter-Strike ойынында бірінші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы, екінші орынды Қостанай облысының командасы, үшінші орынды Ақтөбе облысының командасы иеленді;
Жалпы командалық есепте спартакиаданың көшбасшылары: Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД командасы (бірінші орын), Қостанай облысы бойынша МКД командасы (екінші орын), Маңғыстау облысы бойынша МКД командасы (үшінші орын) болды.
[xfvalue_img]