25 шілде – төлемдерді төлеудің соңғы күні
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 25 шілдеде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады:
- КТС бойынша шілде айы үшін аванстық төлемдер;
- КТС, ЖТС төлем көзінен ұсталған маусымда төленген табыстардан;
- ЖТС маусымда төленген табыстардан;
- ЖТС маусым айы үшін арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан;
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;
- Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлем;
- Әлеуметтік салық – маусым айы үшін;
- Бірыңғай төлем – маусым айы үшін;
- Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – маусым айы үшін;
- Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – маусым айы үшін;
- Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) – маусым айы үшін;
- Әлеуметтік аударымдар – маусым айы үшін;
- МӘМС аударымдары – маусым айы үшін;
- МӘМС жарналары – маусым айы үшін.
Өсімпұлдар есептелмеу үшін заңнамада белгіленген мерзімде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлеу қажет.
Салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.
[xfvalue_img]