2024 жылдың шілде айындағы салық күнтізбесі
Құрметті салық төлеушілер!
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың шілде айына арналған салық күнтізбесін ұсынады.
Күнтізбе салық есептілігін тапсырудың соңғы мерзімін және міндетті төлемдерді еске салады.
Салық есептілігі бойынша
5 шілде 2024 жыл:
- 701.00 нысаны бойынша заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша 2024 жылға арналған ағымдағы төлемдерді есептеу.
15 шілде 2024 жыл:
- 400.00, 421.00 нысаны бойынша 2024 жылғы мамыр айы үшін акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер үшін есеп айырысу.
22 шілде 2024 жыл:
- 328.00 нысаны бойынша 2024 жылғы маусым айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
Төлемдер бойынша
5 шілде 2024 жыл:
- Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, 2024 жылғы ағымдағы төлемдер;
- 2024 жылғы маусымда алынған жеке практикамен айналысатын адамдардың (жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың) табыстары бойынша ЖТС.
22 шілде 2024 жыл:
- 2024 жылғы маусым айы үшін Еуразиялық экономикалық одақтағы ҚҚС;
- 2024 жылғы маусым айы үшін, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарларға акциз.
24 шілде 2024 жыл:
- 2024 жылғы маусымда төленген табыстардан ЖТС.
25 шілде 2024 жыл:
- 2024 жылғы шілде айы үшін КТС бойынша аванстық төлемдер;
- 2024 жылғы маусымда төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
- 2024 жылғы маусымда төленген табыстардан ЖТС;
- 2024 жылғы маусым айы үшін арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;
- 2024 жылғы маусым айы үшін әлеуметтік салық;
- 2024 жылғы маусым айы үшін бірыңғай төлем;
- 2024 жылғы маусым айы үшін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
- 2024 жылғы маусым айы үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);
- 2024 жылғы маусым айы үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ);
- 2024 жылғы маусым айы үшін әлеуметтік аударымдар;
- 2024 жылғы маусым айы үшін МӘМС аударымдары;
- 2024 жылдың маусым айы үшін МӘМС жарналары.
[xfvalue_img]