Астанада интернет-алаяқ жүргізуші куәлігін емтихансыз алуды ұсынған

Астанада интернет-алаяқ жүргізуші куәлігін емтихансыз алуды ұсынған

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері 30 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады, ол ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуды ұсынған.

Сөйтіп, полицияға елорда тұрғыны хабарласып, алаяққа 400 мың теңге бергенін айтқан. Ол интернеттен емтихансыз жүргізуші куәлігін алу туралы хабарландыру тауып алған. WhatsApp желісінде хат алмасу кезінде алаяқ жәбірленушіге жүргізуші куәлігін алуға көмектесетініне сендірген.   

Айласын асырып, ақшаны алғаннан кейін ол хабарламалар мен телефон қоңырауларына жауап беруді бірден тоқтатқан. Полицейлер қылмыскерді анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Полицейлер жүргізуші куәлігін беру тәртібі мен ережелері www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылғанын және тек уәкілетті органмен берілетінін еске салды. Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың жүргізуші куәлігін жасау туралы жарнамалар жалған болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған құжаттарды алғаны үшін де жауапкершілік қарастырылған.

Біз азаматтарға ешқашан бейтаныс адамдарға өздерінің электрондық шоттарына, электронды әмияндары мен ұялы телефон шоттарына ақша аудармау керектігін ескертеміз. 

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив