15 мамыр – салық есептілігін ұсынудың соңғы күні
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 15 мамырда салық есептілігінің келесі нысандарын ұсыну мерзімдері аяқталатынын хабарлайды:
- 03, 101.04 нысандары - төлем көзінен КТС бойынша есеп айырысу;
- 00 нысаны - жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
- 00 нысаны - қосылған құн салығы бойынша декларация;
- 00, 421.00 нысандары - акциздер бойынша декларация және салық салуға байланысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есеп айырысу;
- 00 нысаны - экспортқа рента салығы бойынша декларация;
- 00 нысаны - пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;
- 00 нысаны - ойын бизнесі салығы бойынша декларация;
- 00 нысаны - жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
- 00 нысаны - қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша декларация;
- 00 нысаны - цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация;
- 00 нысаны - бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша декларация.
Салықтық есептілікті ұсыну мерзімі аяқталғанға дейінгі соңғы күндері жүйеге және байланыс арналарына жоғары жүктемені болдырмауы үшін салық есептілігін АЛДЫН АЛА тапсыруды ұсынамыз!
Салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.
[xfvalue_img]