Айыппұлдарға түсіп қалмау – БКМ пайдалану ережелерімен МКД бөлісті

Айыппұлдарға түсіп қалмау – БКМ пайдалану ережелерімен МКД бөлісті

Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) дұрыс пайдаланбағаны үшін бұзушылықтар мен айыппұлдардың алдын алу мақсатында базарлар мен сауда алаңдарында ауқымды түсіндіру жұмыстары басталды. Мамандар кәсіпкерлерге БКМ-ді дұрыс пайдалануға және айыппұл санкцияларын болдырмауға көмектесу үшін кеңестер мен оқыту шараларын жүргізуде. Осыған байланысты, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті БКМ туралы пайдалы ақпаратпен бөліседі – оның функциялары, қолдану тәртібі, соңғы өзгерістер және басқалар.

БКМ дегеніміз не?

Бақылау-касса машинасы (БКМ) – модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сату кезінде ақшалай есеп айырысуды тіркеу үшін қолданылатын құрылғы.

Ақшалай есеп айырысулар – бұл қолма-қол ақшаны, төлем карталарын немесе мобильді төлемдерді пайдалана отырып, тауарларды төлеу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын төлем операциялары.

БКМ қандай функцияларды орындайды?

БКМ негізгі функциялары:

  • Сатылымды тіркеу. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сату бойынша барлық операцияларды тіркеу.
  • Чек беру. Сатып алушыларға сатып алуды растайтын чектерді ұсыну.
  • Деректерді сақтау. Анализ жасау және есептілік өткізу үшін ақпаратты сақтау.
  • Деректерді жіберу. Салық органдарына онлайн режимінде ақпарат жіберу, бұл салықтардың толық түсуін қамтамасыз етеді.

БКМ қолдану тәртібі

БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 165-169-баптарында айқындалған. БКМ пайдалану кезінде тауарға, жұмысқа немесе қызметке төленген сомаға міндетті түрде БКМ чегі беріледі.

БКМ чегі дегеніміз не?

БКМ чегі сатушы мен сатып алушы арасындағы ақшалай есеп айырысу фактісін растайтын бастапқы құжат болып табылады. Ол қағаз түрінде немесе электронды түрде берілуі мүмкін.

БКМ чегі сатушы үшін де, сатып алушы үшін де, салық органдары үшін де бірнеше маңызды функцияларды орындайды. БКМ чегінің негізгі мақсаттары мен функциялары:

  • Сатып алу фактісін растау. Чек – бұл сатып алу фактісін растайтын заңды құжат.
  • Салық есебі. Чектер салық органдарына салықтық әкімшілендіруге көмектеседі.
  • Бухгалтерлік есеп. БКМ чектері бухгалтерлік есепті жүргізу үшін негіз болып табылады.
  • Құқықтардың сақталуы. Чек арқылы тауарды заңды мерзім ішінде қайтаруға немесе айырбастауға болады.

Чек қандай деректерді қамтуы керек?

БКМ чегі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

  • салық төлеушінің атауы;
  • салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
  • бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;
  • бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
  • чектің реттік нөмірі;
  • тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақыт;
  • тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;
  • фискалдық белгі;
  • деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері;
  • тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
  • сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігі;
  • тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;
  • егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;
  • бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайы;
  • бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.

9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.

2024 жылғы 1 қаңтардан БКМ қолданудағы өзгерістер

Деректерді беру функциясы жоқ БКМ қолданатын салық төлеушілер барлық ауысымдық есептерді, қолма-қол ақша мен тауар чектерін есепке алу кітаптарын, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және бақылау чектерін бес жыл бойы сақтауға міндетті.

Онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілер бойынша барлық есептер мен чектер фискалдық деректер операторларының серверінде сақталады және салық органдарына беріледі.

Кәсіпкерлер сатып алушының (клиенттің) сұрауы бойынша БКМ чегінде оның сәйкестендіру нөмірін және басқа да қажетті деректерді басып шығаруы керек.

БКМ бойынша бұзушылықтар үшін жауапкершілік

Ақшалай есеп айырысу кезінде БКМ қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша есепте тұрмаған БКМ қолдануға ескерту беріледі. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар айыппұлдарға әкеледі:

  • жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК;
  • орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК.

БКМ чегін бермеу не БКМ чегін төленген сомадан артық немесе кем сомаға беруге ескерту жасалады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар айыппұлдарға әкеледі:

  • жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК;
  • орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.