Сатушы чек бермеді – жұмыс берушіге айыппұл салынды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасы тауарды сату кезінде сатушы сатып алушыға чек беруге міндетті екенін хабарлайды. Бірақ көбінесе сатушы қызметкер бұл жауапкершілікті елемейді. Бұл жағдайда айыппұл жұмыс беруші компанияға салынады!
ҚР Салық кодексінің 165–бабының 1–тармақшасына, 166–бабының 1–тармағына сәйкес, ақшалай есеп айырысулар – қолма–қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар.
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау–касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
Егер сатушы ұмытшақтық, немқұрайлылық немесе чекті әдейі бермеу үшін кассаны мүлде баспаса, компания ҚР ӘҚБтК 284–бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мәселен, бірінші бұзушылық үшін (ҚР аумағында сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма–қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде БКМ қолданбау, сондай–ақ ақаулы немесе салықтық есепте тұрмайтын БКМ қолдану) тек ескерту ғана қауіп төндіреді.
Егер бұзушылық ескерту жасалғаннан кейін бір жыл ішінде қайта анықталса, айыппұл төлеуге тура келеді (ҚР ӘҚБтК 284–бабының 2–тармағы):
– жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК;
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК.
Тағы бір танымал бұзушылық: БКМ чегін немесе тауар чегін бермеу немесе БКМ чегін немесе тауар чегін тауар немесе қызмет үшін төленген сомадан көп немесе аз беру.
Мұнда да бірінші бұзушылық кезінде ескерту, ал қайталағаны үшін айыппұл салынады.
Айыппұл (ҚР ӘҚБтК 284–бабының 4–тармағы):
– жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК;
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК.
Бұл ретте айыппұлды қызметкер–сатушының өзі емес, жұмыс беруші төлеуі тиіс.
[xfvalue_img]