ШҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНҒА ҰЙҒАРЫМ ШЫҒАРЫЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижелері бойынша Тарбағатай ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Ақжар» КМК жарғысында экономиканың бәсекелестік саласының қызмет түрлері көрсетілген, және де кәсіпорынмен бұл қызмет түрлері атқарылмаған.
Сонымен қатар, Тарбағатай ауданы аумағында аббатандыру, көгалдандыру және коммуналдық қалдықтарды көму бойынша қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектілері бар.
Бұзушылықты жою мақсатында Департамент Тарбағатай ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Ақжар» КМК атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату және олардың ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген салдарын жою туралы нұсқама шығарды.
Қазіргі уақытта нұсқама орындалды.
[xfvalue_img]