ШҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНҒА ҰЙҒАРЫМ ШЫҒАРЫЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға мониторинг жүргізді.
Нәтижелері бойынша Күршім ауданы әкімдігінің «Теректы» КМК монополияға қарсы органмен келіспей, кәсіпкерлік кодекстің нормаларын бұза отырып, жылумен қамту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару, көгалдандыру саласында жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуге жол бергені анықталды.
Бұзушылықты жою мақсатында Департамент Күршім ауданы әкімдігінің «Теректы» КМК атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату және олардың ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген салдарын жою туралы нұсқама шығарды.
Қазіргі уақытта нұсқама орындалды.
[xfvalue_img]